111. Мәтінге қатысы жоқ ақпарат
А) Қызғалдақ Тянь-Шань тауының етегінде пайда болған.
В) Қазақстанда қызғалдақтың отыз екі түрі кездеседі.
С) Қызғалдақ біржылдық өсімдіктер қатарына жатады.
Д) Қазақ қолөнерінде қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бейнеленген.
Е) Шеберлер ұлттық киімдерге қызғалдақ бейнесін кестелеген.
112. Ақсу-Жабағылы қорығында кездесетін қызғаладқтың түрі
А) Шренк қызғалдағы В) Кауфман қызғалдағы С) Альберт қызғалдағы
Д) Грейг қызғалдағы Е) Борщов қызғалдағы
6.1-мәтін
Ғаламтор
Көптеген адамдар, әсіресе, ғаламтор қолданушылары, ғаламторды адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Жан-жақты, білімді болуымызға, көптеегн қызықты дүниелерді үйренуімізге ғаламтордың себебі мол. Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шегараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан, бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті ғаламтор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббаттарын да тауып жатады.
Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шет тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек ғаламтормен бай ланысты түрлі мамандықтар да пайда боған.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда, ең бірінші, қозғалатын тақырып – ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10 пайызының оған тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Еорея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отыру көздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратына зиян келеді.
Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық.
Достарыңызбен бөлісу: |