Оқу сауаттылығы Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз: Сүлеймен патша туралы аңыз



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#93520
  1   2   3   4
Байланысты:
Î?ó ñàóàòòûëû?û Ì?ò³íä³ î?ûï, ò?ìåíäåã³ òàïñûðìàëàðäû îðûíäà?ûç


Оқу сауаттылығы
1.Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
Сүлеймен патша туралы аңыз
-Үндестікке қалай қол жеткізеді?
-Қарапайым өмір сүр, ешкімге зияныңды тигізбе. Қызғанба. Көреалмаушылықты санаңа жақындатпа. Күдік тазаласын жаныңды. Жайсыздық әкелмесін.
Өмірді сұлулыққа арна. Шығармашылық мадақ үшін емес, ғажап үшін екенін түсін. Ет жақыныңа жаның ашық болсын. Өткеніңді тез ұмыт. Тек жақсылықты есте сақта. Әлемге жаңалық әкел. Тәнің сүйіспеншілік белгісі болсын. Сезімнің қуатына айнал. Өйткені, махаббат бәріне рух кіргізеді.
Мәтінге сәйкес тақырып:
А) қарапайым өмір
В) Өмірдің сұлулығы
С) Үндестікке жету жолы
В) Сезімнің қуаты
2.Асты сызылған сөзді қайсысы алмастыра алады?
А) әп-сәтте
В) еріксіз
С) жақында
Д) шарасыз
3. Сүлеймен патшаның кеңестерінің бірі:
А) қарапайым өмір сүр
В) зияныңды тигіз
С) қызғаншақ бол
Д) өткеніңді ұмытпа
4. Мәтін бойынша, бәріне рух беретін:
А) байлық
В) құлық
С) махаббат
Д) қызғаныштық
5. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
Қасқыр мен кісі
І. Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсеңде мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды, мені қабыңа салып, арқалап жүре бер» - дейді.
ІІ. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды:

  • Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе?-деп.

Кісі:

  • Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек қмтылыңдар, - дейді.

ІІІ. Аңшылар асып кеткеннен кейің, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:

  • Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің, - дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге:

  • Мен сені жеймін, қарным ашты, - деп тап – тап береді.

ІV. Егінші байғұс сасқалақтап:

  • Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете ме екен, олай болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен, - дейді.

V. Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан – аяқ айтып шығады. Түлкі:
- Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік, -дейді.
Қасқыр мені кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:

  • Қапқа кірмей сенбеймін, - дейді.

VІ. Қасқыр сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:

  • Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын кезің келді, қане мен көрейін, күздігүні егінді қалай соғып жүрсең?- дейді.

VІІ. Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды.
Түлкі:

  • Енді қаптың аузын аш, - дейді.

Қасекең алды - артына қарамастан шыға жөнеледі.
Артынан түлкі:

  • Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді, - деп сақ-сақ күліпті.

VІІІ. Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет