ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
483
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау
талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай
үміт шырағы туып тұрғандай!
7.Мәтіннің тақырыбы қандай?
A)Үміт шырағы
B)Жұлдыз сыры
C)Ырымшыл халық
D)Дала аспаны
E)Жақсылық нышаны
8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол
үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?
A)Тәуекелшілдігін
B)Сабырлылығын
C)Ұстамдылығын
D)Жігерлілігін
E)Мақсатшылдығын
9.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)Әңгімелеу
B)Баяндау
C)Суреттеу
D)Пайымдау
E)Сипаттау
10.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі
төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек
шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?
A)Шынайылыққа
B)Сабырлыққа
C)Болжампаздыққа
D)Сенімділікке
E)Турашылдыққа
11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Дәстүрді құрметтеген
B)Түн жылы болатындықтан
C)Бағыт сілтеуші болғандықтан
D)Жақсылыққа жорығандықтан
E)Түн жарық болатындықтан
12.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын
соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!»
деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына жанашыр болу
B)Халқына сенім арту
C)Халқының қамын ойлау
D)Халқына қамқор болу
E)Халқының жолын ашу
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
484
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-
ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен
шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр.
Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде
жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл
кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын
қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды
еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан
елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға
Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың
Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың
әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды.
Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан
үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб
Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен
бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс
міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы
табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір
әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама
да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген.
Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын
көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу
дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған.
Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге
сататындар көбейіп кетті.
– Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің
елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында
экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке
бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің
азаматтары ұсталған болатын.
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз
жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы.
Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең
бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді
|