Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет253/515
Дата20.10.2022
өлшемі3,95 Mb.
#44422
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   515
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
267 
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде 
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, 
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. 
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар 
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл 
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген 
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері 
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, 
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін 
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан 
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о 
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі 
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино 
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен 
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр 
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. 
13.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды: 
A)Барлығы 
B)Төртінші 
C)Бірінші 
D)Екінші 
E)Үшінші 
14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды? 
A)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін 
B)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін 
C)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін 
D)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін 
E)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін 
15.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады? 
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер. 
B)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер. 
C)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам. 
D)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам. 
E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам. 
16.Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге 
көңілі толмайды? 
A)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан 
B)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан 
C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан 
D)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан 
E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан 
17.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   515




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет