Оқу сауаттылығына арналған тест сұрақтары


Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз



бет18/18
Дата27.02.2022
өлшемі60,83 Kb.
#26558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 22

51.Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.



Неке

құрметтеу

Отбасының

болу

Үлкендерді

жету

Мейірімді

құру

Дәрежеге

сыйласу

Өзара

берекесі

52.Мәтін бойынша дұрыс немесе бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз

р/р

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы







2

Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып өспейді.







3

Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды







4

Үлкендерді ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп болмайды.







5

Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды.







53.Дұрыс ақпаратты белгілеңіз.Отбасы деген...

А) Қолпаштау деген сөз

В) Өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз

С) Еркелету деген сөз

Д) Еңбек ету деген сөз

54.Дұрыс жауапты белгілеңіз. Ананың бала-шағасына жасаған дұға-тілектері баланы

А) келеңсіздіктерге себеп болады

В) жұмыстардың жүрмеуіне себеп болады

С) қорғаштап жүреді

Д) кедергі болады



Транскрипт

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар сияқты түрлі мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың байланыстары тұрғысынан қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия көрсетіп отыр. Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.

Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол адамның мекен ету ортасы мен демографиялық процестердің байланысын зерттейді.

Алайда эпидемиялар мен аштық салдарынан адам саны кеміген жағдайлар да орын алды. Ал ХХ ғасырда адам санының азаюына гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруы әсер етті. Оған Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония елдері дәлел.

Қала – табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальді орта. Қалада өмір сүру адамның денсаулығына, демографиялық жағдайға ықпал етеді. Себебі қалада уақыт жетіспейді, ақпарат көп, дұрыс тамақтанбайды.

55. Мәтін бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз.

Демография ______________________
A. қаланың табиғи ерекшеліктерін зерттейді.

В. тұрғындардың денсаулықтарын қарастырады.

С. урбандалуды, босқындар мәселесін зерттейді.

D. халықтың құрамын, динамикасын зерттейді.

E. халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады

56.Сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.

Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде қазіргі уақытта қандай жағдай туындауда?

1) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Ең үлкен өсімді көрсеткен азиялық елдер қандай?

2) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



57. Перифраздалған сөйлемдердің дұрыс («+»)/ бұрысын («-») анықтаңыз.






Тұжырымды сөйлемдер

«+» / «-»

A

Қалада өмір сүру адам саулығына әсер етеді.




B

Адам санының күрт кемуінен «демографиялық жарылыс» орын алуда.






Қазақстанда демалу неге тиімсіз?

«Бурабайдағы» белгілі қонақ үйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы қымбат қонақ үйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты анық байқап отырған болуыңыз керек.

Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз.

Иә, бұл – екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің Швейцариямыз – Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің табалдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады? Айтпақшы, Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет жол тартылған. Бірақ...

Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен интернеттен іздей бастаймыз. Міне, олқылығымыз да, кемшілігіміз де осы жерден байқалады. Айтыңызшы, отандық демалыс орындары туралы толық әрі сапалы ақпарат беретін сайтты кездестірдіңіз бе?

Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланыста. Сондықтан олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, т.б. Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға қойылмаған...


58.Отандық туризмнің дамуына не кедергі? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, қанат белгісін () қойыңыз.


A

білікті мамандардың аздығы




B

ел брендтері дамымаған




C

заңда толық қарастырылмаған




Д

Қазақстан жолдары нашар




Е

маркетинг жетілдірілмеген




И

сапалы жарнама жоқ




59. Дұрыс ақпаратты анықтаңыз.Неге ел тұрғындары отандық туризмді дамытуға ат салыспайды?

А) отандық демалыс орындары туралы толық ақпарат жоқ

В) сапалы ақпарат беретін сайт жоқ

С) Отандық туризм өте қымбат

Д) Барлық жауап дұрыс

60.Дұрыс ақпаратты белгілеңіз. Бір шетелдік турист елге күніне ... кіріс алып келеді.

А) 50 доллар

В) 500 доллар

С) 100 доллар



Д)200 доллар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет