Оқу сұрақтары Граната лақтыру тәсілінің негізі


-міндет. Снарядты ұстауды және лақтыруды үйрету



бет3/5
Дата21.04.2023
өлшемі29,77 Kb.
#85194
1   2   3   4   5
2-міндет. Снарядты ұстауды және лақтыруды үйрету.
Дұрыс және дәл лақтыру үшін снарядты дұрыс ұстау керек. Оның сабы алақанға бүгілген кішкентай саусақтың ұшына тірелуі керек, ал басқа саусақтар гранатаның сабын қапсыра ұстайды. Бас бармақ (найзаны ұстау сияқты) граната осі бойымен, және көлденеңінен қойылады. Доп лақтыратын қолдың саусақтар бөліктерімен ұсталынады.Үш саусақ доптың артында тірек түрінде орналастырылған, сондай-ақ кішкентай және үлкен саусақ доптың екі жағын ұстайды. Үйренушілер допты тым қатты ұстамауын қадағалау керек. Граната мен допты алдында немесе бас сүйегінің жоғарғы жағында ұстауы абзал.
Оқыту шағын доп лақтыру стадион немесе спорт алаңында, граната және найза лақтыру стадион немесе спорт алаңында, егер тренажер залын арнайы тормен жабдықтаса, онда қысқа сапты найзамен найза лақтыруды залда орындауға болады.
Оқыту барысында мұғалім сақтық шараларын орындауы тиіс:
- мұғалім белгі бергеннен кейін гранатаны тек бір бағытта лақтыруға мүмкіндік беріледі;
- айналысушыларды бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналастыру;
- шашылған снарядтарды белгі берілгеннен кейін жинату, найзаның ұшы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізу.
Снарядты ұстау және лақтыру тәсілдерін үйретуде жүйелі түрде мынадай жаттығулар пайдаланылады:
- аяқтар иық деңгейінде, дене салмағы табанның алдыңғы бөлігіндегі, қол шағын доппен иық алдында, шынтақта бүгілген, қол төмен түсірілген. Имитациялық лақтыру жүйелі және үздіксіз қолдың алға-жоғары түзелуінен тұрады (үзіліссіз 8-10 рет). Содан кейін қол төмен қарай, жанға, кері және бастапқы кезіне қарай жылжуды жалғастырады;
- сол бастапқы кезінен шағын допты еденге лақтырғаннан кейін ұстау;
- сол, тек шағын допты қабырғаға лақтыру, одан кейін 3-тен 5м қашықтықтан нысанаға (2,5 м биіктікте орналасқан 1 м диаметрлі шеңбер) лақтыру;
- түрегеп тұрып, содан кейін лақтыру бағытына жанымен тұрып, сол аяқ алға қойылады.
Жаттығудың мақсаты – қолдың жұлқи тарту қозғалысын меңгерту, қолдың бұлшық еттерін босаңсыту, лақтыру бағытында қолды дәл иық үстімен асыру және жүйелі алға жоғары түзу ұстау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет