Оқу тәжірибеден есеп кенжехан Нұрасыл Айдарханұлы (оқушының аты-жөні, тегі) Курсы



бет28/28
Дата29.03.2022
өлшемі19,02 Mb.
#29103
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

3Ds Max


3ds max программасы – кескіндерді моделдеу, визуализациялау және анимациялау программалық жиындарын қамтыған жалғыз программа. Ол Жалпы 3d max программасын бүкіл дүние жүзіндегі мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды, телеарна мен кинофльмдерді шығару үшін шыншыл эффектілерді , сонымен бірге Web-парақтарының үшөлшемді графикалық элементтерін іске асыру үшін қолданылып жатыр. 3ds max программасының пайда болуы қолданушының жұмыс істеу мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтті. Төменде программаның кейбір жаңа мүмкіндіктері көрсетілген.



  • Жұмысты эффектілі әрі жоғары деңгейде істеуін қамтамасыз ететін жаңа қолданушы интерфейсі орнатылған;

  • Жан-жақты мүмкіндікті қамтитын жаңа операциялық жүйемен және жоғарғы модернизация мүмкіндіктері қамтылған;

  • Кескіндерді моделдеу және редакциялау командаларының қасиеттері кеңейтілген;

  • Stack – геометриялық элементтерге қолданылатын модификатор тізімі. Бұның көмегімен кез-келген уақытта модификатор параметрлерін өзгертуге болады.

  • Мультипроцессордың кез-келген өзгерту әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін жаңа визуализация модулі қолданылады.

  • Жаңа сұхбаттасу терезесі – тректерді қарап шығу – анимацияның қалыпты істеуін және өзгертуін басқаруға қолданушыға ыңғайлы етіп жасалынған. Және т.с.с. көптеген мүмкіндіктермен қамтылған.

3.1 Жұмыс кеңістігін жұмысқа икемдеу



3ds max программасы іске қосылғанда экранға суреттегідей алғашқы қолданушы графикалық интерфейсі шығады (оның түсіне көңіл аударыңыз). Проекциялау терезесінің түсін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

    • Customize – Customize User Interface әрекетін орындаңыз. Нәтижесінде экран бетінде Customize User Interface терезесі пайда болады.

    • Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан Colors қалауында тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан Elements тізімінен Viewport элементін таңдаңыз.

    • Elements бөлігінің астында орналасқан тізімінен Viewport Background элементін таңдаңыз.

    • Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан тік бұрышты түс үлгісінде тышқанмен шертіңіз. Нәтижесінде экранда Color Selector түсті таңдау терезесі пайда болады.

    • Color Selector терезесінде кез-келген түсті таңдаңыз. Таңдалған түсті экран бетіне шығару үшін тышқанмен Close (Жабу) батырмасын шертеміз.

    • Customize User Interface терезесінің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Apply Colors Now (Түсті қолдану) батырмасын шерткенде, проекция терезесінің түсі бірден өзгергендігін байқайсыз.


2.1-сурет. 3Ds Max терезесі


3.2 Торды қолдану

Әрбір проекция терезесінде объектіні белгіленген орынға жылжыту үшін тор сызықтары пайдаланылады. Сонымен қатар оларды өлшеу құрал ретінде де қолдануға болады. Ал өзге жағдайларда қолданушы жұмыс барысында тор сызықтарын алып тастай алады. Ол үшін:



    1. Проекция терезесінде керекті торды жасыру үшін жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан белгіде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде контекстік меню ашылады. Жанында жалауша белгісі бар Show Grid бөлімі бұл менюдің сәл үстіңгі бөлігінде орналасқан.

    2. Show Grid бөлімінде тышқанмен шертсеңіз, жанындағы жалауша белгісі алынып қалады. Бұл әрекет проекция терезесінің торын алып тастайды. Егер торды қалпына келтіргіңіз келсе, онда Show Grid бөлімінде тышқанмен тағы да шертіңіз. Бұдан суретте көрсетілгендей Top, Front және Left проекция терезелерінде торлар жасырылады да, Perspective терезесінде жасырылмаған күде болады.

3.3 Тор


Жоғарыда айтып өткендей, 3ds max-тың проекция терезелерінде торды өлшеу құралы ретінде де пайдалана аламыз. Сондықтан бұл әрекет - 3ds max-ты өмірде кең қолдануының бірден бір себебі болып табылады. Торда керекті өлшеу жүйесін жұмыс күйіне келтіру үшін төмендегідей әрекеттерді орындау қажет:

    1. CustomizeUnits Setup әрекетін меню қатарынан таңдаңыз. Экранда суретте көрсетілгендей Units Setup терезесі пайда болады.

    2. Metrics (Метрикалық) немесе US Standard (АҚШ стандарты) қосқышында тышқанмен шертіңіз. Сәйкес тізімді ашып, проекция терезелеріне қолданайын деп жатқан өлшем бірліктерін енгізіңіз.

    3. ОК батырмасын басып, өлшеудің өзгергендігін растаңыз да, меню қатарының CustomizeGrid and Snap Settings бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде экранда Grid and Snap Settings (Тор мен тіркегіш параметрлері) сұқбат терезесі ашылады.

    4. Home Grid (Стандартты тор) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Grid Spacing(Тор қадамы) алаңында қажетті мәнді көрсетіңіз. Содан кейін сұқбат терезені жабу үшін батырмасын басыңыз.

3.4 Проекция терезесінің параметрлері

Егер проекция терезесін байқап қарайтын болсақ, әр проекция терезесінде қаралау шекарасын және олардың арасында кішкене саңылаулар көре аламыз. Егер тышқанды сол саңылауларға жақындатсақ, бағыттаушымыз екі кішкене бағыттауышқа айналғанын байқаймыз. Сөйтіп сіз проекция терезесінің шекараларын өзгерткіңіз келсе, сол екі жаққа қарап тұрған бағыттауыш көмегімен тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, оны не тігінен, не көлденеңінен жылжыту арқылы өзгерте аласыз. Мысалы, төмендегі суретке көңіл аударыңыз.

Проекция терезесінің шекараларын қалай өзгертуге болатынын қарастырдық, ал егер , мысалы, бір проекция терезесін алып тастағыңыз келсе, болмаса тез арада орналасу сызбасын даярлағыңыз келсе, онда келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:



    1. Проекция терезесінің жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан белгіні тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз. Сонда экран бетінде контекстік меню пайда болады.

    2. Бұл менюден Configure (Конфигурация) бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде Viewport Configuration терезесі ашылады.

    3. Layout (Орналастыру сызбасы) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Мұнда орналасудың бірнеше нұсқасы ұсынылады.

    4. Он төрт орналасу нұсқасының ішінен қалағаныңызды таңдаңыз. Белгіленген нұсқасы ақшыл шекарамен (рамка) ерекшеленеді.

    5. ОК батырмасын шертіңіз. Орналасу сызбасы белгіленген проекция терезесінде өзгереді.

Міне, осындай әрекеттерді қолдану арқылы қоланушы 3ds max терезесін көрнекірек ете отырып, өз жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп алады. Сонымен 3ds max программасында жоғарыда қарастырылып кеткен әрекеттерді орындай отырып, әр адам жұмыс кеңістігін өзінің қалауы бойынша өзгерте алады.
3.5 Меню жұмысымен танысу

3ds max программасының белгілі бір аспабымен жұмыс жасау үшін, алдымен, оның қайда орналасатынын біліп алу қажет. 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде меню қатары және аспаптар жиыны орналасқан.

Меню қатары – бұл 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде орналасқан элементтер тізімі.

Меню қатарында орналасқан қайсібір элементті шертсек, онда соған сәйкес меню тізімі шығады.


Меню қатары


3.6 Негізгі құралдарымен жұмыс.

3ds max программасында аспаптармен жұмысты түрлі әдіспен орындауға болады, яғни меню қатары көмегімен пернелер жиындары арқылы немесе аспаптар панелінде тышқанмен шерту арқылы жүзеге асыруға болады. Келесі бөлімде ең көп қолданылатын аспаптардың жұмыс жасау әдістері қарастырылады.


Қалау тақтасы


Қалау тақтасы да программа терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Егер қалау тақтасында орналасқан нұсқаулардың кез-келгеніне тышқанды әкеліп шертсек, онда сол белгіленген нұсқауға сәйкес аспаптардың барлық тізімі шығады. Келесі суреттерден әр нұсқауға сәйкес аспаптарды көре аласыз:




2.2-сурет. Аспаптар


Негізгі саймандар тақтасы


Негізгі саймандар тақтасы 3ds max терезесінің үстінгі бөлігінде орналасқан.

Негізгі аспаптар тақтасының батырмалары 3ds max терезесіне енгізілген моделдерді және басқа объектілерді таңдауға, өзгертуге және ұйымдастыруға арналған. Олардың терезеде кескіндерді құруға және модификациялауға қолданылатын қалау тақтасынан біраз өзгешеліктері бар.


3.7 Проекция терезелері

Орнатылған кескінді осы терезелер көмегімен кез-келген бұрышынан қарауға мүмкіндін береді.



Суретте көрсетілгендей 3ds max терезесі төрт проекция терезелерінен тұрады. Егер солдан оңға қарай айтатын болсақ, онда суретте мынадай проекция терезелері көрсетілген: Top (Үстінен қарағандағы көрініс), Front (Алдынан қарағандағы көрініс), Left (Сол жақтан қарағандағы көрініс) және Perspective (Жалпы көрініс). Бұл терезелердегі торлар объектілерді бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналастыру және үшөлшемді кескіндердің өлшемдерін анықтау үшін қажет. Сонымен қатар бір терезені ерекшелеу үшін сол терезеге тышқанды әкеліп, сол жағын шертсек жеткілікті. Ерекшеленген терезегенің сырты сарымен боялады.

3ds max терезесінің оң жағында арнайы Command тақтасы орналасқан. Command тақтасының үстіңгі астарлы беттері ағымдағы уақытта сол панелдің астыңғы бөлігіндегі параметрлерін анықтайды.


Command тақтасы


Command тақтасы мынадай астарлы беттерден құралады: Create (Құру), Modify (Модификациялау), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қимыл), Display (Бейнелеу) және Utilities (Утилиттер).

Басқару элементтері


Бұл элементтер негізінен 3ds max терезесінің астыңғы бөлігінде орналасқан. Басқару элементтер тақтасы екі бөліктен тұрады. Олар: анимацияны басқару элементтері және проекция терезелерінің навигация элементтері.

Анимацияны басқару элементтері


Суретте көрсетілгендей басқару элементтер тақтасының көп бөлігін осы анимацияны басқару элементтері құрайды (кейде оларды уақытша қадағалау элементтері деп те атайды).

Навигация элементтері.


Навигация элеметтері басқару элементтер тақтасының оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл басқару элементтері батырмалар жиынынан құралады. Олар: Zoom (Масштабтау), Zoom All (Барлығын масштабтау), Zoom Extents (Толтырғанша дейін масштабтау), Zoom Extents All (Барлығын толтырғанша дейін масштабтау), Region Zoom (Белгілі бөлігін масштабтау) (Perspective проекция терезесі үшін бұл батырма Field Of View (Көру алаңы) деп аталады), Pan (Көрініс), Arc Rotate (Айналдыру) және Min/Max Toggle (Мин/Макс жалғаушысы).

Командалық панелі үш өлшемді көріністерді жасау,баптау және редакциялау үшін жылдам қосалқы құралы болып табылады.Ол программа терезесінің оң бөлігінде орналасқан.Командалық панельді контекстік менюдің көмегімен көрсетуге немесе жасыруға болады.Ол үшін тышқанның меңзерін негізгі құрал-саймандар панелінің сол бөлігіндегі қосарлы вертикаль сызыққа тақап,тышқанның оң батырмасын шертіңіз.Содан кейін пайда болған менюде Command Panel команданы таңдаңыз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Компьютерлік графика негізі ретінде веторлық және растрлық графиканы қарастыруға болады. Олардың екеуінің ұқсастығы да айырмашылығы да бар. Екеуінің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Біздің ғасырда компьютерлік графика қоғамда өзін көрсете білді. Оны көптеген ортада қолдануға болады. Әр салада оның адамға пайдасы тиіп отыр. Осы графика арқасында біз қазір теледидар экраны алдында өзіміздің жақсы көретін фильмдерімізді тамашалай аламыз.Бұл сала бізді бір орында тұрғызбай алға итермелейді, жаңадан тағы бір программалар ойлап шығаруға көмектеседі. Адамның іскерлігіне анализ жүргізгеннің өзінде көру мүшелерін ең тиімді пайдаланатын жағдай ол графикалық суреттерді қарау, және оларды шығару.

Адамның графикалық суреттерді дыбыстан гөрі жақсы қабылдайды деуге болады,сонда графикалық ақпараттар адам сезіміне басқаларына қарағанда тез жіберіледі. Бұның себебі адамның психологиялық қасиеттерінде жатыр.Адам суреттерді қарастырғанда оны басқа нәрсемен салытырып ойына керек ақпараттар тез оралады.Және де графикадан пайда болатын адамның сезімдері басқа себепкерлерге қарағанда көп болады.

Графикалық программалар, редактолрар, пакеттер компьютерлік технолгоияның онымен қатар экономиканың дамуына жағымды әсер етеді.Сондықтан бұл программалардың өмірдегі маңыздылығы бар деп есептеймін.

Компьютерлік графика бойынша студенттік тәжірибе барысында мен өзіме берілген барлық тапсырмаларды орындадым.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Божко А.Н. Adobe FrameMaker. Сложная верстка: Учеб. пособие. – Аскери, М.: 2015. – 255 с.

  2. Глушаков C.A., Кнабе Г.А., Компьютерная графика. Учебный курс – М.: Фолио, 2010.

  3. Иванов В.П., Батраков А.С. Трехмерная компьютерная графика./ Под ред. Полищука. К.М. - М.: Радио и связь, 2015.

  4. Компьютерная графика и анимация: А. Калбег – Санкт-Петербург, АСТ, Астрель, 2014 г. – 72 с.

  5. Компьютерная графика. Учебник / М.Н. Петров, В.П. Молочков – СПб.: Пи тер, 2012.

  6. Компьютерная графика: Практикум./ Л.А.Залогова – М.: ЛБЗ, 2009.

  7. Кор ри ган Дж. Ком пью тер ная гра фи ка – М.: ЭНТ РОП, 1995.

  8. Культин Н.Б., С/С++ в задачах и примерах. БХВ – Петербург, 2012.

  9. Маргулис Д. Препресс-ресурсы: Учеб. пособие. – М.: Попурри, 2010.

  10. Матвеева Р.В., Трубникова Г.Г., Шифрина Д.А. Основы полиграфического производства: Учеб. пособие. – М.: Книга, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет