Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп болады.(фотография және т.б.)Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады,және де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады,сондықтан бұл жағдайда векторлық формат тиімсіз болып табылады.Суретттің күрделі болуы файл көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады.Одан басқа суреттерді растрлық форматтан векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары қойып отырады.(мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де т.б.)Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ: Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі,ал растрлық форматта болса ол кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.