Талас жазбалары Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің қажетті екендігін байқауға болады.
Бұл ескерткіштердің құндылығы қазіргі қазақ түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.