Оқу тобы: фил 18-1 орындағАН: ідіріс ақтоты қабылдағАН: бердіқожа назгүЛ


Шығыс поэзиясындағы әйелдер бейнесі



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі0,87 Mb.
#17931
1   2   3
Байланысты:
БОӨЖ,БӨЖ

Шығыс поэзиясындағы әйелдер бейнесі.

.

Ф.Фаррохзад лирикасы иран әйелдерінің мұңын, қайғысын, қуанышын, махаббат-сезімдерін әдемі ашып берді. Ол өз ырғағынан, интонациясынан жаңылған жоқ. Ашық мәнер, айқын үн, әуезділік және қарапайымдылық оның лирикасына тән қасиеттер еді.



О құдай-ай, не тілеймін білмеймін,

Күндіз-түні дұғамен көз ілмеймін.

Нені іздейді жасқа толған жанарым,

Мұң тіледі, жүрегіммен күлмеймін.

Ф.Фаррохзад

Лахути Иранның әйелдер тақырыбына бір топ жырлар жазады. Әйелдердің бет жамылғысына қарсы шығады, оларды білім жолына салу керектігін ескертеді.

Жале жырларының негізгі темір қазығы – тақырыбы әйелдер өмірі еді, әйел бейнесі, ананың коғамнан алатын орны, балалар тағдыры, махаббат мұңы Жале Фараханиды қатты толғандырады.

Жале Исфахани

Лахути

Рудаба, Манижа, Гурдафарид, Тахмина, Шырын секілді әйелдер бейнелерін сомдауда Фирдоусидің асқан психолог, эстет, ғұлама ойшыл, жас шебер екендігін байқаймыз. Поэмадағы бұл әйел, қыздың махаббат жолындағы орасан ерліктері, адамдық қасиеттері, тұрақтылық, табандылықтары адам баласын таңғалдырады. Олардың нәзік сезімдерін, ойлы әрекеттерін, аналық мейірім-шуақтарын, сүйгендеріне деген махаббатын суреттеуде Фирдоуси ірі шеберлігімен Шығыс шайырларының бәрінен асып түспесе кем түспейді деп, толық сеніммен айта алар едім.

«Хосроу – Шырын» поэмасының негізгі кейіпкері – Шырын. Ақынның бар тәуба-тәлім қылғаны да сол – Шырын. Бұған таңдануға да болмайды. Себебі: «Хосроу – Шырын» поэмасы Низамидің сүйікті әйелі Әппаққа арналған. Шырын – бүкіл поэманың өзегін өзімен бірге алып жүреді. Хосроудың үлесіне біршама енжар рөл тиген. Кейіпкерлердің осындай дәрежелерге қосылуы – Низамиден үлкен батылдықты да қажет етті. ХІІ ғасырдағы мұсылман жерінде әйелді мұнша дәріптеу үлкен қиянат еді.Шырын образы – Низами қиял ретінде үлгі ұстанған нағыз сұлулықтың, ақыл парасаты мол адамгершіліктің бейнесі. Өле-өлгенше адал махаббатынан айнымаған Шырынды ақын бүкіл елдің ардақтысы ретінде жырлайды. Поэмада феодалдық салт-дәстүрді көздейтін және оның өкілі ретіндегі Хосроу образы Низами дастанында табиғат сыйлаған жақсы мінездерімен көрінеді, ол күш-қайраттың иесі, қаталдыққа бейімсіз, ақылды. Бірақ, осылардың бәрі сарайдың сән-салтанатымен сырылып, басылып қалады. Нәтижесінде Хосроу бүкіл поэманың барысында қарама-қарсы мінез-қылықтарымен көрінеді. Хосроу поэмада халықтың қамын көксейтін, әділдік үшін күресетін кейіпкер дәрежесіне көтеріле алмайды.

Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет