Оқулары–10: Мемлекеттің индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның рөлі



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі32,61 Kb.
#9526

С.Сейфуллиннің 

120


жылдығына 

арналған


«Сейфуллин 

оқулары–10:

Мемлекеттің

индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы  бәсекеге қабілетті  кадрларды  дайындау

келешегі  мен ғылымның рөлі»  атты Халықаралық  ғылыми-теориялық конференциясының

материалдары

=

Материалы



Международной

научно-теоретической 

конференции

«Сейфуллинские чтения–10: Новые перспективы подготовки конкурентоспособных кадров и

роль науки в формировании индустриально-инновационной политики страны», посвященная

120-летию со дня рождения С.Сейфуллина– 2014. – Т.І, ч.2. – Б.88-89



АСТАНАДАҒЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ

Валиева С.М.

1997  жылы  егеменді Қазақстанның Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев

астананы  Алматыдан  Ақмолаға  көшіруді ұсынды.  Бұл  шешімді қабылдауға

қаланың геосаяси  орналасуының маңыздылығы, Қазақстан  мен  Еуразия

континентінің ортасында  орналасуы, қажетті  көлік  және  коммуникациялық

инфрақұрылымның болуы әсер етті. Жаңа астананы таңдауда айрықша рөлді

қаланың дамуы үшін  бос  жерлердің болуы  да  атқарды.  1998  жылы  жаңа

елордаға жаңа атау беріліп, ол Астана деп аталды.

Астананы  бүкіл әлем  болып  салды.Көз  алдымызда өзгерген  жас  елорда

Қазақстан  халқының жасампаздығының, шығармашылығы  мен өрлеуінің

символы.  Астананы  салуға  еліміздің  71  қаласы,  432 құрылыс  компаниялары

қатысты, 135 зауыт құрылысты материалдармен жабдықтап отырды.

Жергілікті  фирмалармен  бірге  жаңа  астананы  түрік,  итальян,  француз,

швейцар  компаниялары  да  көтерді.  Жыл  сайын  60-тан  100-ге  дейін  орташа

және  ірі  нысандар  беріліп  отырды. Қарқынды құрылыс  пен  бүкілхалықтық

қолдау он жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі заманғы, жаңғыртылған, өз

қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік берді.

Астананы әлемнің ең таңдаулы  сәулетшілері  салды. Қаланың сәулеттік

концепциясын

әзірлеуде  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қалаға

еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.

Астана құрылысының бас  жобасының авторы  белгілі  жапон  сәулетшісі

Кишё  Курокава  (Kisho  Kurokawa)  болды,  ол  Амстердамдағы  Ван  Гог

мұражайының, Куала-Лумпурдағы  халықаралық  әуежайдың, Осакадағы

ұлттық этнологиялық мұражайдың авторы.

Курокаваның бас жобалары  бойынша жасалатын  сәулеттік  ансамбльдер

қазіргі  заман  дизайны  мен  азиялық айшықты үйлестіреді.  Бұл қалаға

қайталанбас келбет берді, ал сұлулығы мен ғимараттарының биіктігі бойынша

қала Токио, Нью-Йорк және Дубаймен таласқа түсе алады.

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қала тұрғындарымен 2013

жылдың есеп беру кездесуінде сөйлеген сөзінде Астана құрылысы тақырыбын

ерекше айтып өткен.

Астана

әкімі  И.Тасмағанбетов  «Қазақстан  хылқының



көпшілігін

елордамызды салудың келешегі қызықтыратыны белгілі. Мемлекет басшысы

бекіткен қаланы дамытудың Бас жоспары бойынша бізде бес маңызды бағыт

бар:


Біріншісі – «Қазақ елі» алаңы маңындағы Тәуелсіздік сарайының артқы

жағында  орналасқан  «Мыңжылдықтар»  аллеясы.  Мұндағы  игерілетін

аумақтың жалпы ауданы 360 га-ны құрайды, мұнда жұмыс істеуге ынталы 63

құрылыс ұйымы анықталды.

Қазіргі  кезде 21  телімде құрылыс жұмыстары  жүріп  жатыр,  ал 33  телім

жобалау сатысында тұр. Тұтастай алғанда, 2020 жылға дейін мұнда 25 тұрғын

кешенді пайдалануға беру жоспарлануда.

Екіншісі – Орынбор көшесінің бойында, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы

маңында. Келешекте осы аумақта елорданың ең көрікті ауданы бой көтереді.

Қазіргі шақта құрылыс  алаңы  567 га-ны құрайды,  оған  135 құрылыс

ұйымы  белгіленген. 61  телімде  белсенді құрылыс  жұмыстары  жүргізілуде.

Тағы 59 телім жобалау сатысында.

Үшіншісі – Тұран  даңғылының бойында.  Бұл, өздеріңіз  білесіздер,

қаланың ең басты  күре  жолдарының бірі,  болашақта  оның төңірегіне  ірі

нысандар  тұрғызылады.  Аумақтың жалпы  ауданы  566  га-ны құрайды,  оны

игеруге 77 құрылыс ұйымы дайын отыр. Бүгіннің өзінде 26 телімде құрылыс

жұмыстары жүргізіліп, тағы 51 телім жобалануда. 2016 жылға дейін мұнда 8

тұрғын үй кешенін тұрғызу жоспарланған.

Ірі құрылыс  жобаларының арасынан  мүлдем  жаңа,  Мемлекет  басшысы

бастамашы  болған  жобаны – «ЭКСПО-2017»  көрмесі  аясында  жүзеге

асырылатын  «Жасыл  орам»  жобасы.  Бұл  жоба  энергия

үнемдеу


технологияларын қолданатын жәй ғана құрылыс нысаны емес, ең алдымен, ол

әлеуметтік  байланыстардың, оның тұрғындарына  тән  сәйкестіктің,  өздері

тұратын мекеннің ерекше қасиетін түйсініп, өздерін соған ұқсатудың кеңістігі

болмақшы.  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты  барлық инфрақұрылымдық

жобаларды,  оның ішінде қуат үнемдеу  және  жасыл  экономика  жобаларын

межелі мерзімінде аяқтау» - деді.

ЭКСПО-2017  дайындық бойынша  жол  картасы әзірленіп,  сәтті  жүзеге

асырылып келеді, көрме нысандарының құрылысына бастама беріліп, қажетті

қаржылай қаражат – 283 миллион еуро бөлінді.

Сарапшы-экономистер 

мен 

халықаралық 



қатынастар 

саласының

мамандары  ЭКСПО  сияқты  ауқымды  іс-шараны өткізу  елорданың, және  де

жалпы Қазақстанның экономикалық және  инфрақұрылымдық дамуы үшін

қосымша ынталандыру болатынын атап өтті.

Құрылыс кестесі күрделі, алайда ұлттық компания дер кезінде жүз пайыз

жасап үлгереді.  ЭКСПО-2017  көрмесі  болашақ  қаласы  болмақ, онда  жаңа

«жасыл» технологиялар пайдаланылады. Біріншіден, бұл ғимараттың энергия

тиімділігі. Екіншіден, кейбір ғимараттар жеке электр энергиясын шығарады,

сондай-ақ оны  сақтау  мәселесі қарастырылуда. Үшіншіден,  ағынды  суларды

қайта

өңдеу  және  оларды  техникалық



су  ретінде

қайта  пайдалану

қарастырылып  жатыр.  Жаңьыр  суын  техникалық мақсаттарда  пайдалану

мәселесі


қаралуда.

Қаланың


бір 

бөлігі 


барлық

жаңа


технологиялардыпайдалана отырып, жаңа формат бойынша салынады.

Астанада  2017  жылы  ЭКСПО  көрмесін өткізу  елорданың, жалпы  бүкіл

еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді.

2017  жыл Қазақстанның бас қаласы – Астана үшін  айрықша  айтулы  жыл



болмақ. Яғни,  2017  жылдың  10 маусымы  мен  10 қыркүйегі  аралығында

көрмеге әлемнің  100 елі  мен  10  халықаралық  ұйымнан  5  миллионға  тарта

турист  келмек.  Бұл

Қазақстанның

халықаралық

сахнадағы  беделін



бұрынғыдан да арттырып, Астананың атағын тағы да жаһанға жария етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет