Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны мен



Pdf көрінісі
бет316/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   341
2. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін мазмұны мен 
сіздің болжамыңыз қаншалықты сәйкес 
келді? Талқылаңыз.    
№2
Қарым-қатынас 
барысында 
мағынасы 
жағынан 
кең 
қолданылатын  ым-ишараттың  бірі  –  түкіру.  «Түкіру»  әр  түрлі 
жағдайларда  қолданылып,  әр  түрлі  мағынаны  береді.  Қазақ 
халқының  салт-дәстүрінде,  сана-сезімінде,  жалпы  күнделікті 
қарым-қатынасында  «түкіру»  кинемасының  бірнеше  түрі 
қалыптасқан. Біріншісі – жұмысқа құлшына кірісу үшін жасалатын 
ым-ишарат. Ауыр жұмысты істер алдында құралды қолына алардан 
бұрын  алдымен  қолына  түкіріп  алатын  әдет  бар.  Бұны  көбіне  ер 
адамдар қолданады. Мысалы: Қара жұмыс адамды адам атып жатқан 
соғыс  емес  қой,  жігіттер  ал  дегенде-ақ  қолдарына  түкіріп,  үлкен 
жігермен кірісіп-ақ кеткен.
Сонымен  қатар  осы  қимылды  ер  адамдар  күреске  шығар 
алдында  жиі  пайдаланады.  Мысалы:  Шыдай  алмадым  «Жығылсам 
жер  көтерер»,  –  деген  тәуекелмен  ортаға  атып  шығып,  алақаныма 
түкіріп ұстаса кеттім.
Екіншіден, ашуланған, ызаланған кезде қолданылады. Мысалы: 
Тісінің арасынан темір пешке шырт еткізіп түкірді; түкіріп алды да, 
тістене зілмен сөйледі.
Салт-дәстүр, 
наным-сенімдермен 
байланысты 
«түкіру» 
күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылады. Бұл – әйел адамдар 
қолданысында  кең  таралған  жақсы  затқа,  жақсы  адамға,  балаға 
көз  тимес  үшін  жасалатын  ырым.  Осы  мақсатта  шырт  түкірмейді, 
тек «тіфә» деген ұйыспалы дыбыс арқылы білдіреді.  Бұл түкірудің 
түрі «символикалық», «ғұрыптық ишара» деп те аталады. Мысалы: 
Шешемнің  «елден  аулақ  қара  тасқа  көрінсін»  деп  күніне  үш  уақ 
тәубесін айтып, тіфәлайтыны осыдан да.  


312
Бетке  түкіру  жазалаудың  бір  түрі  ретінде  масқаралау,  қорлау 
мағынасында қолданылады. Мысалы: «Тіфу! Тіфу! Тіфу!». Кім-кімнің 
түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, әйтеуір, апай төс Мұхтар ағам көз 
алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты. 
Сонымен,  қарым-қатынас  барысында  жалпыхалықтық  сипат 
деңгейіне  жеткен,  орындалу  көрінісі  біртектес,  бірақ  мағынасы, 
қызметі сан алуан тілдік емес амалдардың кездесетінін көреміз.
(Нұрсұлтанқызы Ж. «Паралингвистика»)
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет