Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет334/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   341
20. Мәтінді тыңдаңыз.          
№20
Альфред  Нобель  1833  жылдың  21  қазанында  Стокгольмде 
дүниеге  келген.  1842  жылдың  күзінде  Нобельдер  жанұясы 
Санкт-Петербургке  көшеді.  Болашақ  ғалымның  әкесі  бұл  жерде 
торпедаларды дайындау бойынша іс бастайды. 1849 жылы Альфред 
білім алу мақсатында Еуропа мен Америкаға барады. Бұл сапар екі 
жылға  жуық  жалғасады.  Ресейге  қайтқан  соң  Альфред  жанұясына 
тиісті  Ресей  армиясының  әскери  тапсырыстарын  орындайтын 
фабрикаларды  басқарумен  айналысады.  Бұл  істері  дағдарысқа 
ұшыраған соң, әкесімен Швецияға қайтуға мәжбүр болған Альфред 
жарылғыш заттарды зерттеуге кіріседі.
1868  жылы  Нобель  динамитке  патент  алады.  Нәтижесінде 
Нобель  жаңалығына  адамдар  қызыға  бастайды.  Альфред  динамит 
және  басқа  жарылғыш  заттарды  жасап  шығару,  сонымен  бірге 
Бакудегі  мұнай  майдандарын  ашу  істерінен  үлкен  мал-мүлікке  ие 
болады.
1888 жылы тілшілер қателігінен Альфред Нобельдің өлімі жайлы 
хабар  таратылады.  Оны  журналистер  «қанға  батқан  миллионер», 
«динамит  патшасы»  деп  атайды.  Бұдан  әсерленген  ғалым  тарихта 
«әлемдегі қылмыскер» атағында қалмауы үшін ойланып қалады.
Ол  1896  жылы  10  желтоқсанда  жүрек  қантамыры  ауруынан 
қайтыс болады.
Нобельдің  1895  жылдың  27  қарашасында  жазылған 
өсиетнамасында мынадай сөздер бар еді: «Менің барша жылжитын 
және жылжымайтын мүлкім өсиетнамамды іске асыратын адамдар 
тарапынан  ақшаға  айналдырылған.  Ол  ақшалар  сенімді  банкке 
салынған.  Осы  құнды  қағаздардан  түсетін  табыстар  әр  жылдың 
соңында  адамзатқа  ең  үлкен  пайда  келтірген  кісілерге  сыйлық 


327
ретінде тапсырылатын қорға тиісті болуы керек... Сөз етіліп жатқан 
пайыздар  мынадай  бес  бағытқа  тең  бөлінеді:  бірінші  –  физика 
саласында ең үлкен жаңалық ашқандар; екінші – химия бағытында 
ең ерекше жаңалық ашқан, яки, осы саланы дамытуға үлес қосқандар; 
үшінші  –  физиология,  медицина  саласында  ең  үлкен  жетістікке 
жеткендер;  төртінші  –  әдеби  бағытта  ең  ерекше  көркем  шығарма 
тудырғандар; бесінші – ұлттарды ынтымақтастыру, құлдықты жою, 
армия санын қысқарту және бейбітшілік әрекеттерін жүзеге асыруға 
үлес қосқандар үшін... Менің жеке қалауым – сыйлықтарды беруде 
үміткерлердің  қандай  ұлттан  екеніне  мән  берілмесін!».  Сонымен, 
Нобель өсиеті бойынша осы сыйлық тек қана бес бағытта берілетін 
болған.  Олар:  әдебиет,  физика,  химия,  физиология  және  медицина 
(1901  жылдан  Швецияда  беріледі),  бейбітшілік  (1901  жылдан 
Норвегияда беріледі).
1969  жылдан  Швеция  банкі  тарапынан  экономика  саласы   
бойынша  Нобель  сыйлығы  берілетін  болған.  Оны  беру  шарттары   
ілгерідегілермен  бірдей.  Осыдан  кейін  Нобель  қоры  басқармасы   
номинациялар санын көбейтпеуді бекітті.
                                                   (https://massaget.kz/)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет