Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


   Сұхбатты тыңдаңыз. Әңгіме қан-



Pdf көрінісі
бет335/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   341
21. 
 Сұхбатты тыңдаңыз. Әңгіме қан-
дай тақырыпта өрбігенін айтыңыз.          
№21
Қазақстан 
энциклопедиясының 
2001-2007 
жылдар 
аралығындағы  жауапты  шығарушыларының  бірі  Асылхан 
Мамашұлымен ұлттық энциклопедия жайлы сұхбат
–    Асылхан  Мамашұлы,  “Ұлттық  энциклопедия”  деген  не? 
Энциклопедия құрастырудың шарты бар ма?
–  Энциклопедияға  бір  сөзбен  анықтама  беру  қиын. 
Жалпылама  айтқанда,  адамзаттың  ғасырлар  бойы  жинаған  барша 
білім-ғылымының жиынтығы деуге болады. Энциклопедияның өзі  
негізінен  екіге  бөлінеді,  бірі  –  әмбебап,  екіншісі  –  салалық 
энциклопедия. 
Әмбебап 
энциклопедия 
осы 
салалық 
энциклопедиядағы  ірі  ұғымдар  мен  түсініктерден,  терминдер 
мен  оқиғалардан  құралады.  Қазіргі  біздің  түсінігіміздегі  әмбебап 
энциклопедиялардың  бірегейі  ХVIII  ғасырдан  шыға  бастаған 
«Британика»  ғой.  Британиканы  құрастырушылардың  өздері 
ғылым  мен  өнерде  танымал  адамдар  болған,  Британиканың  өте 
құнды еңбек ретінде әлі күнге жоғары бағаланатыны содан деседі. 
Салыстырмалы  түрде  айтсақ,  қазір  энциклопедияны  танымал 
ғалымдар  құрастырмайды,  бұрын  ғылымның  немесе  өнердің 


328
бір  саласымен  тікелей  шұғылданбаған,  тек  жанама  қатысы  бар 
редакторлар да құрастыра береді. Екеуінде айырма бола ма, жоқ па, 
оны өзіңіз ойлаңыз.
Энциклопедия  құрастырудың  бірінші  шарты  –  қажеттілік. 
Сіздің еліңізде, сіздің тіліңізде энциклопедияға зәрулік, мұқтаждық 
бар  ма?  Мәселен,  қазақ  тілінде  энциклопедия  керек  пе  еді? 
Қазақстанның  алғашқы  энциклопедиясы  он  екі  томдық  «Қазақ 
совет  энциклопедиясының»  құрастырылғанына  енді  ғана  қырық 
жыл  болды.  Қазақ  ғылыми  білімі  жетіліп,  жинақталған  кезде 
құрастырылды. Яғни, екінші шарты – ғылыми әлеует екен.
–  Энциклопедияның  онлайн  түрінің  қолданысқа  толық  енуіне   
не кедергі? Уикипедия энциклопедияның орнын басып кеткен жоқ 
па? 
–  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясының  онлайн  түрі   
қазірдің өзінде шықты деуге болады. Өкінішке қарай, уикипедияда 
жүрген  деректердің  көпшілігі  он  томдық  энциклопедиядан 
алынғанын  байқаймын.  Кейде  гуглдан  бірдеңе  іздесем,  баяғыда 
өзім  жазған  немесе  өзім  редакциялаған  ұлттық  энциклопедияның 
мақаласы  шыға  келеді.  Менің  білуімше,  уикипедия  жасаушылар 
мен  ұлттық  энциклопедияның  меншік  иесі  екі  бөлек  заңды 
тұлға.  Компьютерде  сақтаулы  тұрған  он  томдық  қыруар  еңбектің   
уикипидея болып шыға келгеніне таңғалғанмын. 
Иен байлықты  иелене кеткен уикипедияшылар енді әрі қарай 
оқсатып алып кетсе жақсы. Оның да шарттарын байқап көргем, әр 
мақаланы  әрі  қарай  әркім  дамытып,  күзеп-түзеп  отыруға  болады 
екен. Егер оны сәтімен жасаса, болашақта, бәлкім, том-том кітаптың 
орнын  уикипедия  басар.  Дүниенің  бәрі  онлайнға  көшіп  жатқанда, 
бұрынғыдай кірпіш кітаптар керек пе, жоқ па деп, ойланып қоямын. 
– Әңгімеңізге рақмет! 
(«The Qazaq Times»)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет