Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск



Pdf көрінісі
бет19/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   341
ым-ишарат
2-топ 
Ер адамға тән 
ым-ишарат
9. Сұрақтар бойынша ой бөлісіңіз.
Сөйлеу кезінде дауыс 
мәнері, кідіріс,  
интонация  
қаншалықты маңызды 
деп ойлайсыз?
Сөйлегенде  
бірқалыпты 
тұрасыз ба, әлде 
қимыл-қозғалыс,  
ым-ишаратты көп  
қолданасыз ба?
Ақпаратты  
жеткізуде,  
толықтыра түсуде 
ым-ишараттың  
алар орны қандай?
10. Мақал-мәтелдерді оқыңыз.
Ымға  түсінбеген  дымға  да  түсінбейді
  <адамдар  қауымында  тым  ертеде  
ым-ишара  арқылы  пікір  алысу  дәстүрі  болған.  Бүгін  де  болмысымыздағы  
жүздеген  ым-ишара  әрекеттері  (қол  қусыру,  көз  қысу,  бет  шымшу,  
қол  шапалақтау,  желке  қасу,  бас  шайқау  т.т.)  арқылы  өзара  түсінісіп,  
пікір  алысуға  болады.  Алайда  осы  ымға,  ишараға  түсінбейтін  адам  халық  
салт-дәстүрін де (демек дымға да) түсінбейтін адам деген сөз >. 
Бармақ басты, көз қысты
 <1. О баста екі адамның қылмысты іс туралы өзара 
бір-бірімен келісуіне байланысты айтылған сөз; 2. Ауыс. Екі адамның басқаларға 
білдірмей өзара құпия келісуі>. 
(Қайдар Ә. «Халық даналығы»)    
11. Мақал-мәтелдерді қатыстырып, сөйлем құраңыз.
ОҚЫЛЫМ
1. Мәтінді оқыңыз.
        Адам  баласының  рухани  тарихында  қолы  жеткен  зор  игілігі  – 
сәлемдесу. Амандық сұрасудан бұрын пайда болған әдептердің бірі – 
қолымен ишарат ету, белгі беру. Оның тарихына көз жүгіртсек, ежелгі 
неандарталь  адамы  өзі  секілді  екі  аяқты,  жұмыр  басты  пендені 
кездестіргенде,  өзінің  қастық  жасау  ниетінің  жоқ  екендігін  білдіру 
үшін  оң  қолын  жоғары  көтеретін 
 
болған.  Бұл:  «Мен  қарусызбын, 
қолымда  ештеме  жоқ,  саған  адал  ниетпен  келіп  тұрмын»,  –  дегені. 
Мұны  қазіргі  қол  алысып  амандасуымыздың  бастапқы  көрінісі  деуге  болады. Қазақ 
халқында  сәлемдесу  үрдісінде  қолданылатын  тілдік  емес  амалдардың  саны  едәуір  және 
олардың қолданылу реті, жүйесі, әдебі бар.
 Қол алысу сәлемдесуде кеңінен қолданылады. Бұл қазақ мәдениетінде бар ықыласыммен 
сәлемімді  қабыл  алыңыз  дегенді  аңғартады.  Ер  адамдар  кездескенде,  амандық  салты 
«Ассалаумағалайкүм» деген сөзден басталады. Ол – «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. 
Жас адам жолы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады, сәлем беруші адам 
оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде «Уағалайкүмассалам» деп оң қолын ұсынады. 
Қос қолдап амандасу қазақ халқында тек ерлер қарым-қатынасында кездеседі.
Қарым-қатынастағы келесі бір дене қимылы – қол 
 
бұлғау. Сәлемдесудің бұл түрі көбіне 
коммуниканттардың арасындағы қашықтыққа байланысты қолданылады.
Бас  изеу 
 
дене  қимылы  жастар  құрдастарына  тіл  қатқанда,  жасы  мен  қоғамдағы  орны 
бірдей жақсы таныстардың қарым-қатынасында, жасы үлкен болсын, кіші болсын көп адам 
жиналған жерге келіп амандасқанда қолданылады.  Құшақ жаю 
 
алыстан келген ағайын-
туыс,  құда-жекжат,  дос-жарандарды  қарсы  алғанда  жұмсалады.  Амандасып,  құшақтап, 
бетінен,  маңдайынан  сүю 
 
әйел  адамдар  қарым-қатынасында  ұшырасады.  Құшақтасып, 
арқаларынан қағып, төс түйістіріп амандасу көптен көрмеген ер адамдар арасында кезде
 
седі. Қазақтар ат үстінде отырып сәлем бермеген, сондықтан аттан түсіп, өз 
 
сыйластығын 
білдірген.
Жас  бала  қарт  адаммен  амандасқанда  үлкен  адам  аталық  мейірімін,  бауырмалдығын 
баланың  маңдайынан  сүю  немесе  иіскеу  арқылы  сездіреді.  Ата-ана  ұл-қызын  бауырына 
басып, бетінен, маңдайынан сүйіп көріседі. Сүйісіп амандасу – туысқан адамдардың қарым-
қатынасында кең тараған тілдік емес амал-тәсіл. Ақ 
жаулықты  әжелердің  балалардың  қолынан  сүйіп 
көрісу  рәсімі  де  ұшырасады.  Тізерлей  отырып, 
қолынан  сүю  амалы  қазақ  халқының  сәлемдесу 
рәсімінде кездеспейді.
Қазақ  халқында  сәлем  бере  келген  кісіні, 
шақырылған  қонақты  еш  уақытта  отырып  қарсы 
алмаған. Мұндайда атып тұру, ұшып түрегелу, қарсы 
жүру,  орнынан  тұру,  алдынан  шығу  секілді  қимыл-
қозғалыс 
 
жүзеге асады.
Мұхаммед 
пайғамбардан: 
«Исламның 
ең 
жақсы  сипаттары  қайсылар?»  –  деп  сұрағанда,  ол:  «Аштарға  тамақ  беру,  танитын  һәм 
танымайтындарға сәлем беру», – деп жауап берген екен.
(Нұрсұлтанқызы Ж. «Паралингвистика»)


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет