Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі



бет20/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

7. Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі. Кіші жүздің шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И. К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамы 2700 адамнан тұрды. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.
1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қамалының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды. Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Шығысты отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласының, Орта Азияның аралығындагы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.

  1. Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі. Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді. Біріншіден, ХVІІІ ғасырдың 30-40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды. Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды. Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды. Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсті. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет