Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі



бет208/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі. XIX ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып келді.

Орыс ақыны А. Н. Плещеев 1850-1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешітте жүрген кезінде қазақтармен бірге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор құрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсіне жазды: «Қазақтарға қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүзді, жомарт жүректі жандар. Оларды сыйламау мүмкін емес...»
Қазақстанға жер аударылып келген поляктың революционер-демократы Адолъф Янушкевич те XIX ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезінде күнделік жазып жүрді. Кейін ол күнделік поляк тілінде жарық көрді. А. Янушкевич өзінің күнделігінде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін суреттейді. Ол өзінің бір хатында қазақ халқы туралы былай деп өте жақсы жылы лебіз білдіреді: «Құдіреті күшті Құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес... жергілікті көшпелі номадтардың күткен кцні ертең-ақ туады, сөйтіп олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады».
Польшадан Семейге жер аударылып келгендердің бірі Северин Гросс болатын. Ол да қазақтарға зор құрметпен қарады. Атап айтқанда, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевпен дос болды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары туралы құнды материалдар жинастырды. Кейінірек сол жинастырған материалдары негізінде Омбы қаласында «Қазақтардың тұрмыстық заңдарын оқып үйренуге арналған материалдар» деген кітап шығарды.

  1. Қазақстан аумағындағы ғылыми мекемелер мен кешенді зерттеулер. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық қоғамы (РГО) елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда - Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет