Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Орта жүзде 1822 жылдан кейін орын алған оқиғалар



бет59/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Орта жүзде 1822 жылдан кейін орын алған оқиғалар. «Жарғы» қазақ даласына бірте-бірте енгізіле бастады. Басқарудың жаңа тәртібі ең әуелі шекара шебі маңындағы және «өздеріне қамқорлық жасауды өтінген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгізілді. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер енгізілген түрінде 60-жылдардың ортасына дейін қолданылып келді. Жаңадан округтер ашудың алдын ала белгіленген нақты жоспары болған жоқ еді. Шекаралық әкімшіліктен шенеуніктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бірінен соң бірі жиі шығып тұрды. Олар басқарудың жаңа жүйесін қабылдаудың көшпелі халыққа пайдалы да тиімді болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруге күш салып бақты. Ру-тайпалардың өзара жер үшін қақтығыстары және сұлтандардың арасындағы өзара бақталастық патша үкіметіне округтерді көбірек ашуға қолайлы болды.

Сөйтіп халықтың көшпелі тобының келісіміне қарай жаңа округтер құрыла бастады. Мәселен, 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтері, 1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы Баянауыл және Үшбұлақ және тағы басқалар.
1854 жылы Ертістің оң жағалауындағы қазақтар үшін Семей ішкі округі ашылды. 1856 жылы Жетісу жерінде Алатау ерекше округі ашылды. Бұл екі округті орыс офицерлерінің арасынан тағайындалған бастықтар басқарды.
Батыс Сібірдің генерал-губернаторы мен Омбы облыстық басқармасының бастығы Орта жүзді басқаруды қолға алды. Бұдан кейін енді солтүстік-шығыс аймақтардағы қазақтарды басқару жөніндегі орган құру көзделінді.

  1. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі Жарғы» және Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы. Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П. К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары. - авт.) жөніндегі Жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтеріне шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жоба толықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды.

Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округке бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтері деп аталды. Жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын үш басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет