Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 17-18. Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі



бет67/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   251
& 17-18. Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі


Патша үкіметі XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті. Мұның өзі, ең алдымен, қазақтардың жерін тартып алудан айқын көрінді. Жерді барынша ауқымды көлемде тартып алу Елек өзені аймағында, Ор және Троицк әскери бекіністерінің аралығында орын алды.
1. Жаңаелек шебінің құрылуы (1810—1822 жылдар). Патша үкіметі Елек өзенінің бойындағы Кіші жүз қазақтарының жерін тартып алды. Жаңадан құрылған шекара шебінің Жаңаелек деп аталуының себебі де, міне, осында жатыр еді. Кіші жүз қазақтарының мұндағы жерлерін тартып алудың ресми сылтауы тұз тасылатын күре жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп түсіндірілді. Бұл аймақ ежелден бері тама және табын рулары көшіп-қонып жүретін дәстүрлі мал жайылымы болатын. Олар мұнда тұз өндірумен айналысатын, шөбі шүйгін жайылымдарды пайдаланатын. Оған қоса өңірдегі көлдердің суы мен батпағының науқастарға шипа болатын қасиеті бар еді. Бұл жөнінде XIX ғасырдағы орыс зерттеушілерінің бірі И.С. Хохлов былай деп жазды: «Бұл аймаққа орыстар келмей тұрып-ақ көп бұрын жаздыкүндері қырғыздар (қазақтар. - авт.) Електің тұзды көлдеріне түсіп, шомылып жататын. Оның тұзды суының толып жатқан ауруға шипа болар қасиеті бар деп білетін».
Әлсіз әрі патша үкіметінің жергілікті өкімет органдарының қатаң бақылауындағы хан билігі Ресей империясы тарапынан қазақтардың жерін тартып алу әрекеттеріне қарсылық жасай алмады. 1810 жылы патша үкіметі Жаңаелек шебін жасауға кірісті. Мұның өзі шекара шебін қазақ даласының ішкі жағына қарай тереңдете жылжыту арқылы жүргізілді. Сөйтіп ол Жайық, Елек, Құралай және Бердянка өзендері аралығын қамтыды. Қазақтардың 600 мың десятинаға жуық жері патша үкіметінің пайдасына межелеп бөліп берілді. Бұл жер телімі Кіші жүз қазақтарының ең тамаша шұрайлы жайылымдары болатын. Жаңаелек шекара шебінің құрылысы 1822 жылы аяқталысымен қазақтар ол жерлерден күшпен ығыстырылды.
Елек өзенінің бойында Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская және Бердянская сияқты бекініс-қорғандардың негізі қаланды. Олардың төңірегіне айналдырыла ор қазылып, кедергілі жал тұрғызылды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казактар қоныстандырылды. Ол жерлерге сонымен қатар жер аударылып келгендер мен Ресейдің ішкі аудандарынан қоныс аударған шаруалар да орналастырылды. Олар кейіннен казактар тобына көшірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет