Жаңаесіл шекара шебінде әскери бекіністер салынды (1752-1755 жылдар)
Ресей қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойында қамалдар мен әскери бекіністер салуды үдете түсті
Қазақтарға Жайық өзеннің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруге қатаң тыйым салынды
1765 жылы Ертіс өзенінің бойында ені 10 шақырымдық алқап белгіленіп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берілді
Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтірілді
Қазақтардың Орат Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды
Патша үкіметі 1755 жылы қазақтар мен башқұрттарды бір-біріне айдап салып, ұлтаралық араздық туғызды
Басыбайлы шаруа - Ресейдің 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны.
Оппозиция -қарама-қарсылық, қарсылық көрсету.
Тілмаш - бір тілді екінші тілге аударатын адам.
Экспедиция - бұл жерде сөздің мәні «ведомство», «мекеме» ретінде айтылған.
Әбілмәмбет -қазақ ханы, Болат ханның ұлы.
Нұралы (Нұр-Әли) - Кіші жүзді 1748-1786 жылдары билеген хан. 1741 жылы Хиуаны бір жылға жуық билеп тұрды, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы.
Тевкелев Алексей Иванович(1674-1766) - Ресей дипломаты, Сыртқы істер алқасының аудармашысы, генерал әрі ірі помещик, Кіші жүз қазақтарының Ресей қол астына өтуіне шешуші ықпал етіп, үлкен рөл атқарған.
«Тевкелевтің Ордаға келуі қулығы күшті Әбілқайырдың билікке қүштар ойларын түгелдей ашып берді. Ресейдің қол астына жаңадан өтетіндерден ант алу үшін келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнінде ойланған кезде ашу-ызаға булықты, орталарына келген орыстарды көріп, кенеттен қатты толқыды. Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды. Бірақ ол өзгелердің ашу-ызаға толы толқуын баса алмады. Оның қол астындағы ержүрек жандар ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атынан ғана емес, бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы ханнан есеп беруді талап етті. Сол бір қулыққа толы батылдық оның өз өміріне қауіп төндірген болатын...» Левшин А. И. Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы. Алматы, 1996, 181-бет.