Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет1/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі


З. Е. Қабылдинов, А. Т. Қайыпбаева

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


(ХVIII ғасыр – 1914 жыл)


Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық


8
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


3-басыылымы, өңделген
Алматы «Атамұра» 2016

КІРІСПЕ


Құрметті оқушылар! 7-сыныпта сендер Қазаңстанның орта ғасырлардағы тарихын оқыдыңдар. Түрік қағанатынан бастап XVIII ғасырдың бас кезіндегі оқиғаларға дейін еліміз басынан кешірген тарихпен таныстыңдар. XV ғасырдың ортасынан қалыптасып, нығайып, орталықтандырыла бастаған Қазақ хандығы туралы тыңғылықты білім алдыңдар.
Қолдарыңдағы 8-сыныпқа арналған оқулықта ұлы Отанымыздың XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі тарихының маңызды оқиғалары қамтылған. Мәселен, XVIII ғасырдың бірінші жартысында халқымызды аса ауыр зардаптарға душар еткен қазақ-жоңғар соғыстары туралы оқып білесіңдер. Ата-бабаларымыз қатыгез басқыншылардың шабуылынан туған жеріміздің әр сүйемін қорғап қалуда ерен ерлік пен теңдесі жоқ батырлықтың ғажайып үлгісін көрсетті. Бұл кезең қазақтың ерлік дәстүрінің «алтын ғасыры» деп аталуы тегін емес.
Сонымен қатар оқулықтан қазақ халқының өз тәуелсіздігін жоғалтудың қиын да қарама-қайшылықты үрдісі туралы да білетін боласыңдар. Ресей империясы Қазақстан аумағын өз қарамағына қосып алу жоспарын біртіндеп жүзеге асыра бастады. Осы жағдайда аса көрнекті мемлекет қайраткері, айбынды Абылай хан ел тәуелсіздігін мүмкіндігінше сақтап қалуға күш салды. Оған өз Отаны мен халқына адал берілген сұлтандар, билер мен батырлар көмектесті. Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қазақ халқының айтулы азаматтары: Сырым Датұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы, Кенесары Қасымұлы және басқалар қарсы шықты. Қазақтар Емельян Пугачев бастаған аса ірі шаруалар көтерілісі кезінде орыс халқын қолдап, патша үкіметіне қарсы бас көтерді.
Осы оқулықтан сендер Қазақстан жеріне орыс, украин, неміс, поляк, ұйғыр, дүнген сияқты әртүрлі үлт өкілдерінің қалай қоныстана бастағаны туралы да оқып білесіңдер. Басқарудың отарлық сипатта болғанына қарамастан, әртүрлі діндер мен халық өкілдері арасында үйлесімді түсіністік пен ынтымақтастықтың негізі қаланды. Оқулықта өздеріңді қазақ халқының және сол уақытта Қазақстан аумағына қоныс аударған ұлттардың шаруашылығымен, тұрмыс- тіршілігімен таныстыра кетуге де ден қойдық.
Сендер өз білімдеріңді қазақ халқының XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық санасының бұрын-соңды болмаған дәрежеде өсе түскен үрдісімен танысу арқылы байыта түсесіңдер. Алаш көсемі Ә. Бөкейханның төңірегіне топтасқан ұлтымыздың білімді де сауатты, зиялы азаматтары халыққа отансүйгіштік рух сезімімен басшылық етті.
Оқулықтың бұл басылымында тақырыптар тарихи оқиғалардың ретімен берілді. Күрделі ұғымдар мен деректер жеңілдетілді.
Естеріңде болсын: Қазақстан тарихын терең оқып үйрену өз Отандарыңды құрметтеп, мақтан тұту сезімін қалыптастырады. Әрқайсың еліміздің тарихын жақсы білулерің керек, сонда ғана дұрыс бағыт-бағдар алып, өз болашақтарыңды болжай аласыңдар.
Оқулықтың бұл басылымына бірқатар түзетулер енгізілді. Мектептегі тарихшы ұстаздар мен ата-аналар тарапынан алуан түрлі құнды ескертпелер, маңызды ұсыныстар жасалуы әбден мүмкін. Оның бәрі де ескеріліп, келесі басылымдарда оқулықтың сапасын одан әрі жақсарта түсуге көмектесетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет