1710 - Жоңғар басқыншыларына қарсы күресу үшін қазақтың үш жүзі өкілдерінің басқосуы.
- Қазақ мемлекетінің көрнекті қайраткері Абылай ханның өмір сүрген жылдары.
- И. Бухгольцтің Орта Ертіс бойына жасаған әскери-барлау экспедициясы.
- Омбы және Жәмішев бекініс-қамалдарының салынуы.
- Железинск бекініс-қамалының салынуы.
1718 - Семей бекініс-қамалының салынуы.
1720 - Өскемен және Коряков бекініс-қамалдарының салынуы.
1723 - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басталуы.
1726 - Ордабасыда бүкілқазақтық құрылтай жиналысы болып өтті.
- Қазақ жауынгерлерінің жоңғар әскерлерімен Бұланты және Білеуті өзендерінің бойындағы шайқасы.
1730 - Қазақ әскери жасақтарының жоңғарлармен Балқаш көлінің маңындағы Итішпес Алакөл (Аңырақай) деген жердегі шайқасы.
1731 - Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
1731-1732 - А.И. Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ордасына келуі.
- И. Кириллов басқарған Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясы қызметінің басталуы.
- Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонып жүруіне тыйым салынуы.
1735 - Ор өзенінің сағасында Орынбор қаласы (Ор бекініс-қамалы) негізінің салынуы.
1741-1743 - Абылай сұлтанның қонтайшы Галдан-Цереннің қолында тұтқында болуы.
- Патша үкіметі қазақтың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына және салынып жатқан бекініс-қамалдарға жақын баруына тыйым салуы.