Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет33/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
умит

отыз біРінØі СӨз
Естіген  нәрсені  ұмытпастыққа  төрт  түрлі  себеп  бар:  әуелі  –
көкірегі  байлаулы  берік  болмақ  керек;  екін ші  –  сол  нәрсені 
естігенде  я  көргенде  ғибрәтлану  керек,  көңілденіп,  тұшынып, 
ынтамен  ұғу  керек;  үшінші  –  сол  нәрсені  ішінен  бірнеше 
уақыт  қайтарып  ойланып,  көңілге  бекіту  керек;  төртінші  –  ой 
кеселді  нәрселерден  қашық  болу  керек.  Егер  кез  болып  қалса, 
салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік,  я  бір  қайғыға  салыну,  я  бір  нәрсеге  құмарлық 
пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды 
тоз дыратұғын нәрселер.
1-тапсырма. Адамның әртүрлі мінез-құлқын қарасөз мазмұны арқылы 
түсіндіріп  беріңдер.  Берілген  қарасөздің  идеясын  талдап,  дәп терге 
жазыңдар. 
2-тапсырма.  Мәтіндегі  автордың  ішкі  сырына  назар  аударыңдар.  
Абайдың айтпақ ойын өз сөздеріңмен жеткізіңдер. 
4-тапсырма.  Берілген  қарасөз  мазмұнын  ашатын  мақал-
мәтелдерді тауып, айтып беріңдер.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет