Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет69/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
3-тапсырмаËирикалық кейіпкердің ана тілі туралы айтқан сөздерін 
дәптерге теріп жазыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.
Адам деген //не көрмейді //түсінде, а 11
Жатыр екем //бүгін //қабір ішінде. а 11
Дағыстанның //кең аңғары, //күн ыстық, б 11
Көкірегімде //орнаған //бір тыныштық. б 12
Төрт  тармақты,  үш
бунақты,  11–12  буын- 
ды,  егіз  ұйқас.  Кең  – 
ýпи  тет.
Көкіреãіне  тыныø-
тық  орнауы  ауыспалы 
мағынада айтылып тұр.
меніҢ дАғыСтАным
(
Повестен үзінді)
Сөз
Авар  тіліндегі  «миләт»  сөзінің  екі  мағынасы  бар:  «ұлт»  және 
«қам». 
– Ұлтының қамын ойламаған адам дүние қамын ойлап жарыт-
пас, – дейтін әкем.
– Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас 
болар, – деп, қостар еді Әбуталып.
– Тауық та, қаз да, қаптесер де ұлт бола қоймас, бірақ адамдар-
дың ұлты болуы керек қой, – дейтін менің шешем.
Үлгі:


116
Өзі бір ұлт, бірақ екі республика болады, біздің көрші осетин-
дер солай. Бір республика, бірақ қырық ұлт та болады. «Õалықтың 
да, тілдің де үйілген бір тауы екен», – депті Дағыстан жайында бір 
жолаушы.
«Мың басты айдаһар», – дейді Дағыстанды жаулары. 
«Алуан бұтақтары бар бәйтерек», – дейді Дағыстанды достары.
«Дүниенің  жүзінен  қолыңа  күндіздің  өзінде  шырақ  алып 
іздесең,  мұнша  адамы  аз,  бірақ  халқы  көп  жерді  таппассың»,  – 
дейді екен келушілер.
...Менің білетінім сол – біздің жерде бір арбада келе жатқандар 
бес  тілде  сөйлесуі  мүмкін  де,  егер  жол  айрығына  бес  арба  келіп 
тоқтаса, онда отыз тілде сөйлесіп кете береді. 
...Тағы  бір  әңгіме  бар,  Õунзахтың  ханы  Ãидатлиге  тыңшы 
жібереді,  оған  годеканда,  базарда  сол  жерліктердің  әңгімесін 
тыңдап, не пікірі бар екенін біліп кел деп тапсырады. Тыңшы ба-
руын барғанмен, тез оралады.
– Иә, білдің бе бәрін?
– Түк те білгем жоқ.
– Ол қалай?
–  Әркім  өз  тілінде  сөйлейді.  Олардың  тілі  бізге  мүлде  түсі-
ніксіз.
...Дағыстанда тоғыз тілде кітап шығады. Ал қаншама тілде ән 
шырқалады десеңші. Әр кілемнің өзінше өрнегі бар. Әр қылыштың 
өз жазуы бар. Бір қолда соншама саусақ қалай пайда болған? Бір 
Дағыстанда  соншама  тіл  қалай  пайда  болғанын  ғалымдар  өзінше 
дәлелдей берсін. Ал менің әкем былай деп айтатын:
«Алланың елшісі қашырға мініп ап, жер бетін аралап келе жа-
тып, өзінің үлкен қоржынынан әр халыққа тіл үлестіріп жүріпті. 
Қытайлықтарға  барып  қытай  тілін  берген.  Арабтарға  барып  араб 
тілін берген. Ãректерге грек, орыстарға орыс, французға француз 
тілін берген. Тілдің неше түрі болса керек: бірі әуенді, бірі сазды, 
бірі  қатқыл,  үшіншісі  сырлы,  өрнекті,  төртіншісі  нәзік,  әсем  де-
гендей. Мынадай олжаға қарық болған халықтар кәдімгі адамша 
сөйлеп, өз тілінде шүйіркелесіп қалады. Тілдің арқасында біреуді 
біреу танып, бір халық екінші көрші халықты біліседі.


117
Сонымен,  қойшы,  әлгі  қашыр  мінген  кісі  біздің  Дағыстанға 
жетеді.  Жаңа  ғана  грузиндерге,  кейін  Шота  Руставели  өзінің 
поýмасын  жазған  грузин  тілін  беріп,  кейін  Коста  Õетагуров  өз 
сонеттерін жазатын осетин тілімен аралап шыққаны сол екен. Ке-
зек бізге келіп жетіпті.
Алайда сол күні Дағыстанның тауларында қарлы құйын соғып 
кетпесі  бар  ма!  Аңғардың  қары  алай-түлей  бұрқырап  аспанға 
шығып, түкті көрсетпей, жолды да, мекенді де жа уып тастапты. 
Қара  түнекте  тек  желдің  ысқырғаны,  жартастың  гүрсілі.  Қой- 
судың төрт саласының күркіреп тасығаны ғана естілсе керек.
–  Қой,  болмас,  –  дейді  тілді  үлестіруші  мұртына  мұзы  қата 
бастаған соң, мына алай-түлейде мына жартастарға өрмелеп жүре 
ме сол.
Сөйтеді де, ол қоржынның түбінде әлі үлестірілмей қалған қос 
уыс тіл бар екен, соны біздің тауларға шаша-шаша салады.
Таңдағандарыңды алыңдар, – дейді және.
Шашылған тілдерді боран алып қашып, тастан-тасқа, шатқал-
дан-шатқалға жеткізсе керек.
Сол кезде бүкіл дағыстандықтар үйлерінен шыға-шыға келіседі. 
Мың  жылдар  бойына  күткен  мына  ырысқа,  алтын  нөсерге  бірін-
бірі  итермелей  ұмтылып,  тұра-тұра  жүгіреді.  Бас  салып,  жарма-
сып, қымбат дәнді тиген-тигенінше үлесіп алады.
Сонда әрқайсысы өз тілін тауып алады.
Үлестіріп алып, саклясына паналап, боранның басылуын тоса-
ды. 
Таңертең  тұрса,  күн  жарқырап,  кешегі  қардан  түк  қалмаған. 
Қараса  –  тау!  Енді  ол  –  «тау».  Енді  оны  атымен  атауға  болып 
қапты. Қараса – теңіз! Ол енді – «теңіз». Оның да аты бар. Енді 
көзге  көрінгеннің  бәрін  атауға  болады.  Íе  деген  рақат!  Мынау  – 
нан, міне – мама, мынау – сакля, бұл – ошақ, мынау – ұл, мынау –
көрші, әне, адамдар.
Жұрт далаға жүгіре шығып, бәрі үн қосып: «Тау», – деп айқай 
салған  екен.  Бақса,  әрқайсысынікі  әртүрлі    шығады.  «Теңіз!»  – 
деп айқайлайды. Тағы да әр басқа. Содан былай авар, лезгин, дар-
гин, құмық, тат, лак болып кете барады. Содан былай соның бәрі 


118
Дағыстан болып аталады». Адамдар қойдан, қасқырдан, жылқы-
дан,  шегірткеден  ажырап,  жіктеліп  шығады.  «Жылқы  адам 
болуға  бірдеңесі  сәл-пәл  жетпей  қапты»,  –  деседі.  Ай,  Алланың 
елшісі-ай! Сонда сен боран мен биік құздан қорқамысың! Көрмей, 
дәнеме  етпей,  бізге  төге  салармысың,  соншама  тілді?  Бүйткенің 
не қылғаның? Жүрекпен, мінезбен, әдетпен, салтпен, бар тұрмыс 
күйімен  қанша  бауыр,  жақын  адамдарды  бөліп,  бөлек  тіл 
бітірермісің.
Жә. Жарайды, соған да рақмет. Тілдің жаманы жоқ. Қалғанын 
өзіміз көріп алармыз. Бір-бірімізге жол тауып, ақтығына келгенде 
ортақ тіл жасап, бір-бірімізді ажыратпайтын болармыз.
Одан  соң  бізге  Ақсақ  Темір,  арабтар,  Иранның  шахы  келді, 
өз  тілдерін  бізге  теліп  баққысы  келді.  Алайда  қолымызды 
қанша  тартқылағанмен,  саусақтарымыз  жұлынған  жоқ,  біздің 
ағашымызды қанша теңселткенмен бұтақтарымыз сынған жоқ.
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің 
тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер 
түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана 
тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. 
Ернім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған 
құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан 
таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын 
сүйем.  Мен  болаттың  сыңғырын  ұнатам,  қынабынан  суырылған 
екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі 
менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.
Óа,  менің  ана  тілім,  сені  де  жұртқа  білгізу  маған  өте  қиын, 
сенің  алуан  түрлі  үнің  неткен  әсем  еді,  авар  боп  тумаған  кісіге 
үйрену де қиын оларды, о, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің 
рақаты емес пе, шіркін!  
Õалық көп, әр халықтың өз әдет-салты бар. Бар жерде солай. 
Адам  дүниеге  туады.  Бір  халықта  баланы  шоқындырады.  Бір 
халықта сүндетке отырғызады, үшіншісінде туғаны туралы куәлік 
жасатады.  Енді  адам    кәмелетке  келген  кезде  өзге  тәртіп,  өзге 
салт. Оған қыз айттырады. Қыз айттыру деген, шынында да, салт. 
Ал үйленген соң, өзге салт тағы басталады. Дағыстанның үйлену 


119
салты мен кәде-жорасын айтуға ұзақты күн жетпейді. «Дағыстан 
халықтарының  салттары»  деген  кітапты  қалағандарыңызға  сый-
лауға болады, үйге барған соң оқисыздар.
Жоқ, Дағыстан, ол тек географиялық ұғым емес. Оның өз кес-
кіні, өз мақсаты, өз арманы бар. Ортақ тарих, ортақ тағдыр, ортақ 
қасірет, ортақ қуанышы бар.
Жә, сонау тіл үлестіруші жолаушым, сен тауларымызды,  ауыл-
дарымызды,  жүректерімізді  аттап  кетпей,  шапағатыңнан  құр 
қалдырмағаныңа рақмет!
Өз тілдеріңде өлең айтып, ой ойлаған барлық жан, сендерге де 
рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет