Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет18/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Ãипербола (әсірелеу) – әдебиеттегі көріктеу тәсіл дерінің 
бірі, әртүрлі құбылысты немесе белгілі бір нәрсені шамадан 
тыс асыра суреттеу тәсілі. Мысалы, «Қара арғымақ арыса, 
қарға адым жер мұң болар»; «Астындағы бурылдың, Жоғар-
ғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп...» 
(«Қобыланды 
батыр»).
 Литота  ( кіøірейту ) – заттың не құбылыстың қасиетін 
кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырын-
да,  өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, «От 
орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты» 
(«Ер Òарғын»).
!
!
!
!
Аллеãория  (тұспалдау)  –  ойды  орағытып,  тұспалдап 
айту. 


30
доСÏАмбет ЖыРАу
(ÕVі ғасыр)
Доспамбет  жырау  ÕV  ғасырдың  90-жылда-
рының  орта  шенінде  Азау  қаласында  дүниеге 
келген. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау 
маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери 
шонжарлар  тұқымынан  шыққан  болашақ  жы-
рау  заманы  мен  ортасының  талабына  сай  та-
маша  тәрбие  алып  өскен.  Доспамбеттің  бүкіл 
Дешті-Қыпшақты  жақсы  білгені,  Стамбұл  мен 
Бақшасарайда  болғаны,  сахара  тұрмысымен  қатар,  мұсылман 
кенттерінің жайына да қаныққаны  аңғарылады. Өз заманындағы 
талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер  жырау туыстас түркі 
тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың 
бас кезінде Астрахан  түбінде қаза табады. Ол кезде Доспамбеттің 
жасы әлі отызға да толмаған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет