5
ТУҒАН ЖЕРІМ – АЯЛЫ АЛТЫН БЕСІГІМ
– Õалық ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып,
сақтап келген әдебиеті, рухани асыл қазынасы.
– Ауыз әдебиетінен халықтың тарихын, тұрмыс-тіршілігін, салт-
санасын, ой-арманын т.б. білеміз. Ол – халықтың бай әрі шұрайлы
тілінің жемісі.
Ертегілер – адам баласының жазу өнері болмаған кезде ауызша
шығарған көркем әңгімесі, ауыз әдебиетінің көне әрі күні бүгінге дейін
өз мәнін жоймаған түрі.
– Ертегілер қиял-ғажайып ертегілері, жа нуарлар жайындағы
ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының
өзіндік ерекшелігі бар.
– Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз-
әңгімелер, түрлі өлең-жырлар есте жоқ ескі замандардан бері жалғасып,
ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Сол ұзақ ғасырлар бойында олардың
алғашқы шығарушылары – авторлары да ұмыт болып, өзгерістерге
ұшыраған.
ертеãі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын
білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан
соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айта-
тын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан,
ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Достарыңызбен бөлісу: