әлкей марғұлан Ãрадаöия (біртіндеп көтеру), яғни дамыту – айшық тау-
дың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан
соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Поýзияда, прозада да
қолданылады. Мысалы, «Қобыланды батырдағы» Тай-
бурыл дың шабысы. Ãрадация қолдану сипатына қарай екіге
бөлінеді. Бірі – түйдектету: «Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқа ұшқан»
(Ò. Æароков); екіншісі – баяулату: «Әм жабықтым, әм
жалықтым»
(Абай). Кейде екеуі қосарланып қолданылады:
«Безілдет. Сарнат. Çарлат! Үздік тірші! Керек жоқ! Ëақтыр
әрі! Қысқарт. Қысқарт»
(I. Æансүгіров).
Арнау – әдеби шығарманың басында берілетін, сол
шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін
көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
Егер шығарманың авторы белгісіз болса, оның мазмұнынан
кімге арналғанын аңғаруға болады.
!
!