медресе – мұсылманша сабақ беретін мектеп.
молда – діни рәсімдерді меңгерген ұстаз.
Аудармалары, øығармаøылығы Абай Пушкин мен Ëермонтовты, Крыловты, Батыс және
Шығыс ақындарының өлеңдерін аударып, қазақ жазба әдебиетіне
зор үлес қосты. Абай аудармалары – еркін аударма. Õалықтың
ойына, түсінігіне сай.
Поýмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Артына
үлгі-насихаттың қайнар көзі саналатын қарасөздерін қалдырған.
Абайдың ақын øәкірттері Ұлы ақынның ізін қуып, орыс әдебиетін насихаттап, өлең жаз-
ған шәкірттері болды. Олар: Көкбай, Кәкітай, балалары Ақылбай,
Мағауия, немере інісі атақты Шәкәрім Құдайбердіұлы.
зерттелуі Абай туралы ғұлама жазушы М. Әуезов ғылыми еңбектерін,
әйгілі «Абай жолы» ýпопеясын, Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас
ақыны» атты мақаласын жазды. Ал ғалым Қайым Мұхамедханов т.б.
әдебиетшілер абайтану саласын жан-жақты зерттеп, жаңа қырынан
дамытты. Абай шығармашылығы өте терең. Оны көптеген ғалымдар
зерттеді. Ғылыми еңбектер жарық көріп, диссертациялар қорғалды.
«Абай» атты есімнамалық ýнциклопедия басылып шықты. Абайдың
шығармашылық әлемі әлі де зерттелуде.
Абай – өз халқының ең ардақты, аяулы арманын, ой-пікірін,
терең сезім-сырын, ұлттық мінез-құлқын жеріне жеткізе
жырлаған, жарқын бағыттағы жаңа жазба әдебиеттің атасы,
қазақ көркем әдебиетінің көрікті тілін ұстартқан, құдіретті
ақындық өнерімен үлгі-өнеге жайған классик ақын.