Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет29/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
мырзатай Жолдасбеков 


45
1-тапсырма.  «Бірінші  сөзде»  Абай  не  туралы  айтады?  Төменде 
көрсетілген ұғымдарға түсінік беріңдер.
ел бағу
мал бағу
ғылым бағу
Мал  бағу?  Жоқ,  баға  алмаймын.  Балалар  өздеріне  керегінше 
өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, 
ұры,  залым,  тілемсектердің  азығын  бағып  беремін  деп,  қалған 
азғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым  бағу?  Жоқ,  ғылым  бағарға  да  ғылым  сөзін  сөйлесер 
адам  жоқ.  Білгеніңді  кімге  үйретерсің,  білмегеніңді  кімнен 
сұрарсың?  Елсіз-күнсізде  кездемені  жайып  салып,  қолына  кезін 
алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі 
болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік...
Балаларды  бағу?  Жоқ,  баға  алмаймын.  Бағар  едім,  қалайша 
бағудың  мәнісін  де  білмеймін,  не  болсын  деп  бағам,  қай  елге 
қосайын, қай харекетке қосайын?.. 
Ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келген  нәрселерді  қағазға  жаза 
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен 
керекті  сөз  тапса,  жазып  алсын,  я  оқысын,  керегі  жоқ  десе,  өз 
сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа 
ешбір жұмысым жоқ.
2-тапсырма.  Қарасөзді  мұқият  оқи  отырып,  ел,  жер,  ғылым  туралы 
мақал-мәтел жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет