2-тапсырма. Әңгіме оқиғасына назар аударыңдар.
!
Ïейзаæ (французша
paysage – мекен, өлке) – белгілі бір
жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Әдеби шығармадағы
жаратылыстың, яки табиғаттың көркем бейнесі. Жазушы
әдеби шығармада образдық-метафоралық жүйенің арқауы
ретінде табиғат келбетін пайдаланады.
Көркем пейзаж жасау суреткердің дүниетанымының
кең дігіне, рухани және материалдық мәдениеттерді жете
білуіне байланысты. Ассоциация арқылы поýзиялық
сұлулық тудырады, ой-шеңбер өрісімізді кеңейтеді.
Пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын,
сөздің музыкалық, поýзиялық, көркемдік қасиеттерін
жарқырата ашуға ұйтқы болса, екінші жағынан,
шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады.