Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

1-ҚОСЫМША  МАТЕРИАЛ
Білім беру аясында халықаралық байланыстарды кеңейту, білім 
беру кеңістігін жаһандандыру, алған деректерін салыстырмалы тал-
дау үшін негіз ретінде пайдалануын, кең интернационалды салыстыру 
зерттеулерін жүзеге асыратын əртүрлі халықаралық ұйымдармен өзара 
əрекеттесу қажеттілігін ұғынуға əкеп соқтырады.  
Халықаралық аккредитациялық агенттіктер жоғары білім сапа-
сын қамтамасыз ету жəне бағалауда үлкен рөл атқарады. Атауынан 
көруге болатындай, инженерлік ғылымдары, информатика, табиғи 
ғылымдары мен математика саласында білім бағдарламаларының 
аккредиттеуін жүргізетін ASIIN – (Accreditation Agency for Study 


136
Programs in Engineering, Informatics, Natural Sciences and Mathematics) 
осының мысалы. 
ASIIN – инженерия, сəулет, информатика, табиғи ғылымдары мен 
математика саласында ұлттық жəне халықаралық бакалаврлық жəне 
магистрлік білім бағдарламаларын (ББ) аккредиттейтін коммерциялық 
емес, тіркелген бірлестік ретіндегі тəуелсіз агенттік. Ол осы мақсат 
үшін кəсіптілік білімдерінің салалары бойынша ББ бағалау рəсімдері 
мен талаптарын бекітеді. Оқытушы жəне оқу жұмысының жоғары 
стандарттарын жəне кəсіби дайындығының баламалығын қамтамасыз 
ету – ASIIN аккредиттеу қызметінің негізгі қағидаты. ББ аясында қол 
жеткізілетін құзыреттіліктердің еуропалық біліктілік нормалары талап-
тарына сəйкес болу мəселесі – ASIIN-аккредиттеудің мəні. Бұдан басқа, 
ASIIN-мен аккредиттелген білім бағдарламаларының халықаралық та-
нылуы басым маңызға ие.
Оқу жетістіктерін бағалау бойынша IEA (International Association 
for the Evaluation of Educational Achievement) халықаралық ассо-
циациясы орта білім жүйесінде осындай ұйымдардың бірі болып 
есептеледі. TIMSS, PISA жəне басқалары халықаралық монито-
ринг бағдарламаларының қатарына жатады. TIMSS математикалық, 
табиғи-ғылыми сауаттылығының саласында бағалау мақсаттарында 
жүргізеледі; PISA – оқу жетістіктерін бағалау бойынша; CIVIC – 
əлеуметтік пəндер жəне əлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыру 
саласында; PIRLS – оқу сапасын жəне мəтінді түсінуін зерделеу сала-
сында; SITES – оқытудағы ақпараттық технологиялар бойынша; LES 
– шетел тілдері бойынша халықаралық зерттеу.
TIMSS – математикалық жəне табиғи-ғылыми білім сапасын 
бағалау бойынша халықаралық зерттеу (Third International Mathematics 
and Science Study) – зерттелетін проблематикасы жəне оған қатысатын 
елдер саны бойынша білім саласындағы ХХ ғасырдың ең кең, ауқымды 
жобасы. Жобаның негізгі мақсаты – əлемнің əртүрлі елдерінде 
оқушылардың математикалық жəне табиғи-ғылыми дайындығын са-
лыстыру жəне оқыту нəтижелеріне ықпал ететін факторларды анықтау. 
Зерттеу негізгі мектеп оқушыларын тестілеу жəне сауалнама көмегімен 
жүргізіледі, сонымен қатар зерттеуге қатысқан барлық елдерде табиғи-
ғылыми пəндер бойынша бағдарламалар талданды.
PISA білім алушылардың халықаралық бағалау бағдарламасы ретін-
де (Жаңа мыңжылдықтағы білімділер мен ептілердің мониторингісі) 
«оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» жəне «табиғи-
ғылыми сауаттылығы» сияқты үш бағыт бойынша оқушылар 
дайындығының зерттеуін көздейді. Оның əрқайсысы белгілі мектеп 
пəндеріне сəйкес келеді. Оқушылармен негізгі түсініктерді ұғынуына, 


137
олармен жоғарыда көрсетілген үш бағыт аясында зерделенетін негізгі 
əдістерді игеруіне жəне өз білімдерін əртүрлі жағдайларда пайдалану 
ептілігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, зерттеуде оқу 
пəндерінің нақты мазмұнын игеруін тексеруге көп уақыт бөлінбеуде. 
Негізгі уақыт ересек өмірге қажетті жəне оқу пəндерін зерделегенде 
алынған неғұрлым кең білімдер мен ептіліктердің жағдайын зерделеу-
ге, сондай-ақ оқушылардың пəнаралық құзыреттілігін бағалауға, мыса-
лы, əртүрлі пəндерді зерделеу аясында немесе алға қойылған міндетті 
шешу үшін ақпараттың басқа дереккөздерінен алынған білімдерді пай-
далануына бөлінген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет