қабылдау. Егер «көнгіш» əріптес басқа тараптың ниеттерін
қанағаттандыруға тырысса, ал «қатал» əріптес – өзінің айтқанында
тұрса, принципиалды көзқарасты басшылыққа алған əріптес көптеген
нұсқауларды қарастыруға тырысады. Олардың біреуін сіздің шешіміңіз
ретінде қарастырмау қажеттілігі алдын ала ерекше ескертіледі; бұл
сізді сонымен таңдау еркіндігін жəне келіссөздерді жүргізу барысында
пайда болатын мүмкіндіктерді қолдануын шектеуіне мəжбүрлейді.
11. Объективтік өлшемдерді пайдалануды талап ету. Өзіңді
əріптестің қысымынан қорғау, мəн-жайдың, сезімдер мен ниеттердің
(əрітестің жəне өзіңнің) тізгінінде болмау үшін проблеманың көзделетін
шешімі жауап беруге тиіс өлшемдерді алдын ала атап кету қажет.
12. Ерікке байланысты емес нормаларға негізделген нəтижеге
қол жеткізуге тырысу. Егер əріптестермен шешімді қабылдаудың
объективтік өлшемдері қалыптасса, олар қандай да бір əріптестер
жағынан күштеуден емес, нормаларға, өңделген өлшемдерге негізделген
нəтижеге қол жеткізеді.
13. Ой бөлісу жəне дəлелдерге көңіл қою, қысымға емес,
қағидаттарға жол беру. Осы қорытынды белгі рəсімнің, келіссөзге
қатысушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттайды: «жұмсақ»
əріптес қысымға көнеді, «қатаң» əріптес – қысымда өзінің келіссөздерді
жүргізу тактикасын құрайды, «принципиалды» əріптес – күрес идеяла-
рын емес, қағидаттарды басшылыққа алады.
Гришина Н. В. Психология конфликта. –
Спб.: Питер, 2004. –б.307-309.
245
К ҚОСЫМШАСЫ
«Жаңа формациядағы мұғалім» атты
қалалық тəжірибелік алаң мектептерінің əдістемелік жұмысын талдау
ӨЛШЕМДЕРІ
НҰСҚАУЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ
1. Бағдарламаның ғылыми негізделуі (педагогтың кəсіби дамуының
белгілі тұжырымдамасына тірек материал).
Педагогикалық ұжыммен жəне жеке педагогтармен жұмыс кезінде
Сіз қандай тұжырымдамаға (Н. В. Кузьминаның, Н. Д. Хмельдің, Л. М.
Митинаның, А. К. Маркованың жəне басқа авторлардың) сүйенесіз?
Сіздің мектебіңізде педагогтардың кəсіби жəне жеке дамуында
қандай проблемаларды ең маңызды деп санайсыз?
2. Жүйелі көзқарас. Мақсаттар мен міндеттер жүйесінің бо-
луы. Мектеп ерекшелігі, оның міндеті, педагогикалық ұжымының
сипаттамасы талдауының, мектеп пен педагогтардың жетістіктері
мен шешілмеген проблемаларын анықтаудың негізінде мақсаттық
бағдарларды қалыптастыру.
Сіз əдістемелік жұмыста қандай мақсаттарды қоясыз? Осы
мақсаттар бүкіл ұжымға бағдарланған ба немесе жеке педагог-
тар немесе педагогтардың топтары үшін нұсқаулық мақсаттар
анықталған ба?
Əдістемелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері мектептің
жалпы мақсаттары мен міндеттерімен, оқушы жəне педагогикалық
ұжымның ерекшеліктерімен, мектеп алдында тұрған проблемалары-
мен өзара қалай байланысты?
Сіз мектеп қызметінің қандай негізгі проблемаларын атай ала-
сыз?
3. Тұтас көзқарас. Педагог кəсіптілігінің барлық құрауыштарының
дамуына жəне жетілдіруіне бағыттылық: уəждеу, когнитивтік (білімдік),
үдерістік жəне рефлексивтік.
Сіз мектебіңіздің педагогі үшін қандай негізгі құрауыштар, кəсіби-
маңызды қасиеттер жəне жеке мінездемелер маңызды деп санайсыз?
Сіздің мектебіңізде əдістемелік жұмысты атқарғанда оның
қайсысына ең көп назар аударылады?
Мұғалімде ойлаудың инновациялық, шығармашылық үлгісін
қалыптастыру үшін қандай мүмкіншіліктерді көрудесіз?
Сіздің пікіріңіз бойынша, педагогтің қандай қасиеттері оның
қызметіне кері əсер етеді?
Əдістемелік жұмыста осы қасиеттерді бейтараптандыруға
қалай ықпал етуге болады?
4. Кешендік көзқарас. Жүйенің жəне қолданылатын нысандар мен
əдістердің болуы. Инновациялық нысандар мен əдістерді пайдалану.
246
Мектептегі əдістемелік жұмыстың пайдаланатын нысандары
мен тəсілдерінің алуантүрлігі қандай?
Сіз педагогтердің қандай оқыту инновациялық əдістерін қолданасыз?
Олардың қолданылуы қаншалықты негізделген?
5. Субъектік көзқарас (кəсіби жəне тұлғалық өсудің белсенді
субъектісі ретінде педагогтің рөлін жүзеге асыру).
Кəсіби қызметтің субъектісі ретінде педагогтің негізгі сипатта-
малары: түрлендіруші, саналы, мақсатты белсенділік; рефлексияға
деген қабілеттілік (өзіндік талдау); субъектімен мақсаттарды,
құралдарды, нақты қызметті іске асыруын бақылау жəне адаммен
осы таңдау үшін жауапкершілікті қабылдау мүмкіншілігі ретінде
еркіндік; адаммен өзінің бірегейлігін, өзі жəне басқалары үшін жеке
тұлғасының құндылығын сезіну, өзіне батыл, дербес, берік адам
ретінде қарау, өзін-өзі құрметтеу; басқаны түсіну жəне қабылдай
білу; субъектінің өзгеру ниеті ретінде өзіндік дамуы жəне өзінің
өзгерулері жөнінде сыртқы белгілерді қабылдау дайындығы.
Сіз мектептің əдістемелік жұмысында педагогтарда осы
қасиеттердің қайсысын дамыту маңызды деп санайсыз.
Осылардың ішінде қандай тəсілмен жасауды ұсынасыз?
Сіздің пікіріңіз бойынша, əдістемелік жұмыстың қандай мазмұны
жəне қандай əдістері мен түрлері осы жерде тиімді болу мүмкін?
Педагогпен осы жұмысты ұйымдастарғанда жəне жүргізгенде
қандай қиыншылықтар пайда болуы мүмкін?
Сіз оларды қалай еңсеруін ұсынасыз?
6. Педагогтың өзін-өзі оқыту жəне өзін-өзі дамытуын ынталандыру.
Педагогтардың кəсіби жəне жеке өсу бағыттылығын қалыптастыруға
ықпал ететін тиімді əдістерді пайдалану.
Педагогтарда жалпы мектептік əдістемелік жұмыстың аясында
«элективтік курстарды» таңдау мүмкіндігі бар ма?
Педагогтарда өз кəсіби өсуінің жеке траекториясын құрастыру
мүмкіндігі бар ма?
Сіз оларға педагогтың табысты өзін-өзі оқыту үшін қажетті
(құнды-бағдарлық, когнитивтік, ақпараттық-технологиялық, жеке
өзін-өзі дамыту жəне басқа) құзыреттіліктерін қалыптастыруға
көмектесесіз бе?
7. Жеке педагогтарға жəне педагогтардың топтарына жеке жəне
сараланған көзқарас (өтілден, жеке-психологиялық ерекшеліктеріне,
өнімділік дəрежесіне жəне басқаларға байланысты).
Сіз бүкіл ұжыммен жұмыс істейсіз бе немесе топтарға бөлесіз бе?
Сіз қандай белгілердің негізінде осы саралауды жүргізесіз?
Сіз жеке педагогтармен жеке жұмысты атқарасыз ба? Дəл
кіммен жəне неліктен?
8. Ынтымақастық. Мектеп шегіне шығу (басқа ұйымдардан маман-
дарды жұмылдыру, басқа мектептермен іс-шараларды бірігіп өткізу,
Интернет-ресурстарды пайдалану жəне басқалары).
247
Сіз басқа мамандарды (басқа мектептерден директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары, ЖЖО-ның оқытушылары жəне т.б.) əдістемелік
жұмысқа, жеке іс-шараларды өткізуге жұмылдырасыз ба?
Осы жерде Сіз қандай қиыншылықтармен кездесесіз?
Сіздің пікіріңіз бойынша, басқа ұйымдардың мамандарының
қатысуы қаншалықты тиімді?
9. Талдау көзқарасы. Əдістемелік жұмыс сапасының, педагогтың
кəсіби жəне жеке дамуының мониторинг түрлері мен əдістері.
Педагогтың өзіндік диагностикасы жəне өзіндік талдауы.
Сіз педагогтың кəсіби жəне жеке дамуы мониторингісінің қандай
түрлері мен əдістерін қолдануын көздейсіз?
Мониторинг бағыттары əдістемелік жұмыстың мақсаттары
мен міндеттерімен қандай арақатынасқа түседі?
Педагог дамуының мониторингісі қаншалықты жүйелі жəне
кешенді болады?
Педагог рефлексиясының (өзін-өзі талдау) үдерістері қалай ынта-
ландырылады?
Мектептегі əдістемелік жұмыс жəне кейбір əдістемелік іс-
шаралар педагог рефлексиясының дамуына, оның алдында тұрған про-
блемаларды шешуге, олардың шешімін іздестіруін анықтауға қандай
жолмен ықпал етеді?
Мониторингті ұйымдастыру жəне жүргізудегі мектеп
психологінің рөлі қандай?
10. Сіздің мектебіңізге басқа мектептерден келетін əріптестеріңізге
жаңа формациядағы мұғалімнің қалыптасуы бойынша жүргізілетін
əдістемелік жұмыстың қандай əдістері мен түрлерін ұсынар едіңіз?
– Педагогикалық жəне əдістемелік кеңестер,
– ƏБ-нің отырыстары,
– мұғалімдердің шығармашылық топтарының отырыстары,
– тренингтер,
– жас мұғалім мектептері,
– лекториялар, теоретиялық семинарлар, семинар-практикумдар,
семинар-пікірсайыстар,
– ашық сабақтар мен оларды талқылау,
– кəсіби конкурстар, конференциялар,
– педагогтармен, т.б. жеке жəне топ жұмысы.
Ұпайлары
9-10 – жоғары деңгей
7-8 – жақсы деңгей
5-6 – орта деңгей
3-4 – төмен деңгей
1-2 – талаптар мен өлшемдерге сəйкес келмеу
248
ПАНЬШИНА ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
АЙТПАЕВА ЖАНАТ ЖЕҢІСБЕКОВНА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МЕНЕДЖМЕНТ
Оқулық
Басуға 02.11.2012 қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times».
Пішіні 60х90
1
/
16
. Офсеттік басылым. Баспа табағы 15,5.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 7420.
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат»ЖШС-і,
050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.
Достарыңызбен бөлісу: |