Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

1.2. Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент,
негізгі түсініктері 
«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар 
А. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури өз тұжырымдамаларында былай-
ша береді: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, 
тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу 
ептілігі [7].
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны əр алуан, терең жəне келесі 
аспектілерде қарастырылуы мүмкін [25]:
– басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді 
жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, əдістердің, 
технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;
– белгілі нəтижелерді, кəсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға 
бағытталған фирмамен тəжірибелік басқару ретінде;
– үрдіс ретінде, яғни бөлек əрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, 
кезеңдік қызмет;


20
– өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-
ақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы 
ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша əдебиетте басқару 
субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана 
емес, басқарушы құрылымдар да танылады);
– басқару аппаратының əртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару 
проблемалары бойынша əдебиетте ғана емес, басқарудың жоғары 
деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» де-
ген термин кеңінен таралды. (Мекемелердің штаттық кестелерінде 
қазір кеңсе-менеджерлері, яғни хатшылар; жайлылық бойынша 
менеджерлер, яғни тазалаушылардың лауазымдарын кездестіруге 
болатынын атап кету керек. Осылай шетел терминдерін дұрыс ор-
нымен пайдаланылмауы олардың бастапқы мазмұнының жоғалуына 
əкеп соғады);
– нарықтың басқару тұжырымдамасы ретінде жəне басқалары.
Менеджмент түсінігі ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пай-
да табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені 
белгілі. Мысалы, И. Н. Герчикованың оқулығында «менеджмент 
дегеніміз – нарық жағдайында қызмет атқаратын фирманың кез кел-
ген шаруашылық қызмет барысында менеджменттің экономикалық 
механизмінің ұстанымдарын, функцияларын жəне əдістерін пай-
далана отырып, материалдық жəне еңбек қорларын тиімді пай-
далану жолымен белгілі бір алға қойған мақсаттарға жетуге 
бағытталған, кəсіби жүзеге асырылатын қызметтің дербес түрі» деп 
тұжырымдалады [25, б.16]. 
Автордың пікірі бойынша, менеджмент дегеніміз – нарық, нарық-
тық экономика жағдайындағы басқару, оған келесілер қажет: 
– фирманың нарық сұранысы мен қажеттіліктеріне, нақты 
тұтынушылардың талаптарына бағдарлануы жəне сұранысқа ие бола-
тын жəне фирмаға жоспарланып отырған пайда түсіретін өнім түрлерін 
өндіруді ұйымдастыру;
– өндіріс тиімділігін арттыруға үнемі талпыну: шығындарын азай-
тып, оңтайлы нəтиже алу; 
– фирманың немесе оның бөлімшелері қызметінің соңғы 
нəтижелеріне жауапкершілік артатын тұлғаларға еркін шешімдер 
қабылдауды қамтамасыз ететін шаруашылық дербестік;
– нарық жағдайына қарай мақсаттар мен бағдарламаларды үнемі 
түзетіп отыру;
– айырбастау үдерісінде фирма қызметінің немесе оның 
шаруашылық дербес бөлімшелерінің қызметінің нарықтағы соңғы 
нəтижесін табу;


21
– негізделген жəне оңтайлы шешімдерді қабылдау барысында көп 
нұсқалық есептеулер жасау үшін компьютерлік техникасы бар зама-
науи ақпараттық базаны пайдалану қажеттілігі. 
Осының нəтижесінде автор «менеджмент» атқаратын қызмет си-
патына қарамастан, өз қызметін пайда түсіру (кəсіпкерлік табыс) 
мақсатында жүзеге асыратын фирмалар мен кəсіпорындарға ғана 
қатысты деп қорытынды жасайды [25, б.21]. «Менеджмент» жəне 
«басқару» терминдерін салыстыра отырып, И. Н. Герчикова басқару 
ұғымының аясы өз мазмұнына қарай неғұрлым кеңірек, себебі 
адам қызметінің əртүрлі салаларына, қызметтің əртүрлі аяларына, 
басқарудың əртүрлі органдарына байланысты пайдаланылады, ал «ме-
неджмент» түсінігі тек нарық жағдайындағы əлеуметтік-экономикалық 
үдерістерді басқаруға қатысты деп көрсетеді. 
Ұзақ уақыт бойы педагогикалық теория мен тəжірибеде, басқару 
жас ұрпақты оқыту жəне тəрбиелеу үрдісінің оңтайлы əлеуметтік-
экономикалық жəне ұйымдастыру-педагогикалық қызмет атқаруын 
қамтамасыз ету үшін, оның барлық буындарына түрлі деңгейдегі 
басқару субъектілерінің жүйелі, жоспарлы, саналы жəне мақсатты 
түрде əсер етуі деп түсіндірілген болатын (М. И. Кондаков, П. В. Худо-
минский жəне т.б.). Ю. В. Васильев педагогикалық басқарудың мəнін 
түсіндіргенде ол қоғамның талаптары мен мақсаттарын есепке ала оты-
рып жүзеге асырылады жəне педагогикалық ғылым анықтайтын өз 
нысандары, үрдістер мен заңдылықтар сипатымен басқарудың басқа 
түрлерінен бөлек деп көрсеткен. 
Басқарудың тұрақтылығы мен объект-объектік сипаты ХХ ғасырдың 
50-60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мəні тек 
оңтайлы жұмыс атқару, тұрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, соны-
мен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық 
жəне сапалық жағынан жетілдіру деп ұғындырылды. Педагогикада 
гуманистік парадигмалардың, субъектілік көзқарастың күшеюі тек оқыту 
мен тəрбиелеудің теориясы мен тəжірибесіне ғана емес, сонымен қатар 
білім беру мекемесін басқаруға өзгерістер енгізді. Оқыту мен тəрбиелеу 
үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да 
негізгі түсінік ретінде «өзара əрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру 
үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субъективтік ұстанымын 
білдірді. Басқару – жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі жəне оны қоғамның 
əлеуметтік тапсырысына сəйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа 
қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субъектілердің 
мақсатты түрде белсенді өзара əрекет етуі (К. Я. Вазинаның,
Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың, 
Н. Д. Хмельдің, Т. И. Шамованың жəне т.б. жұмыстарынан). 


22
Педагогика оқулығында мектепішілік басқаруда дұрыс ақпарат 
негізінде қорытынды жасау, алға қойған мақсатқа сай шешімдер 
қабылдау, басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау жасау, реттеуге 
бағытталған қызмет деп таниды. Осының нəтижесінде мектепішілік 
басқаруды олар «оңтайлы нəтижеге қол жеткізу мақсатымен 
педагогикалық үрдістердің объективті заңдылықтарын түсіну негізінде 
бүтін педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсатты, саналы өзара 
əрекет етуі» деп анықтайды. Оқулықта менеджмент теориясы «ең ал-
дымен, тұлғалық бағытымен баурайды, мұнда менеджер (басқарушы) 
қызметі өз қызметкерлеріне шынайы құрмет, сенім арту, оларға табысқа 
жету жағдайларын жасау негізінде құрылады. Менеджменттің дəл осы 
жағы, мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады. 
Менеджмент идеяларын ұғыну, оларды мектептану мəселелері сала-
сына ауыстыру дербес бағыт – мектепішілік менеджмент зерттемесіне 
негіздеме береді» деп түсіндіреді. 
Біздің ойымызша, педагогикалық басқарудың «адами» құрамдас 
бөлігінің маңызы менеджмент саласындағы теориялық жəне 
тəжірибелік зерттеулерге алдымен зерттеушілерді, содан кейін 
тəжірибешіл-педагогтардың назарын аудартты, себебі басқару туралы 
бұл ғылым ең басынан қойылған мақсатқа басқа адамдардың еңбегін, 
уəждері мен қажеттіліктерін пайдалану арқылы жету үдерістеріне 
бағытталған болатын. Менеджмент саласындағы зерттеу көзқарастары 
мен басқарудың тəжірибелік əдістері өз кезегінде психологиялық жəне 
педагогикалық ғылымдарды өз негізіне алды, оларда адамның дамуы-
на, оның қызметін ұйымдастыруға, оны уəждеу жəне ынталандыру 
жəне т.б. байланысты мəселелер тереңінен қарастырылған. Осының 
арқасында бұл теориялық пəндер, тəжірибелік қызметтің салалары 
бір-бірін өзара байытады. Мысалы, сапа менеджменті саласындағы 
белгілі ресейлік маман Ю. П. Адлер, менеджмент жүйесінде ең тиімді 
статистикалық немесе сапаны басқару əдістеріне қарағанда, басты рөлді 
адам оның пəнге жəне еңбек мақсатына деген көзқарасы атқарады деп 
көрсеткен [8, 14-16 б.]. Осылайша, көптеген авторлар менеджментті 
адам құндылығының негізін қалаушы концептуалды идеясы деп тануға 
негізделген заманауи басқару философиясы ретінде де қарастыра бас-
тады.
Менеджмент пен педагогикалық басқарудың жақындасуына 
коммерциялық, кəсіпкерлік құрамдас бөлік қазіргі уақытта, көп 
мөлшерде бұрын кəсіпкерлік емес деп танылған əлеуметтік, соның 
ішінде, білім беру мекемелерінің ажырамас бөлігі болып келе жатқаны 
да себепкер болды. Бүгінгі таңда, нарықтық жетістіктер білім беру 
мекемесінің қызметін атқарып анықтайтын тек сыртқы факторлар 


23
ғана емес, сонымен қатар, осы қызмет етудің ішкі, табиғи бөлігін 
құрастырушы болып табылады. 
Біздің ойымызша, іс жүзінде басқа əдістемелік негіздеріне 
қарамастан, педагогикалық менеджмент əкімшілік-басшылық кезеңде 
қалыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ 
нəтижелі тəсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп, сапа 
тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді. 
Нақтылап айтқанда, «педагогикалық менеджмент» терминінің дəл 
анықтамасы əлі жоқ, ол «білім беруді басқару», «мектепті басқару», 
«мектепішілік басқару», «мектепішілік менеджмент», «педагогикалық 
басқару» жəне осы проблема бойынша жұмыс авторларымен пайдала-
нылатын басқа да көптеген түсініктермен дұрыс сараланған жоқ. 
В. П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тəрбиелеу жəне 
оқу-тану үдерісін басқарудағы қағидаттар, əдістер, ұйымдастыру ны-
сандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды [90, 
56 б.]. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық 
қызметі жаңа əлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге 
дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп 
біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді 
жүзеге асырады: 
– басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау 
үшін ақпаратты түрлендіру; 
– оқыту мен тəрбиелеу үдерісін қағидаттар, əдістер, құралдар мен 
нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару; 
– оқушылардың еңбегін, зиятын, уəждері мен қажеттіліктерін пай-
далана отырып, қойған мақсаттарға жету; 
– білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге 
асырылатын жəне адам факторын есепке ала отырып, оқу-тəрбиелеу 
мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру 
жəне т.б.
Байқағанымыздай, бұл педагогикалық менеджмент дефини-
цияларында педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары, білім 
беру үдерісінің сапасына тікелей əсер ететін білім беру мекемесінің 
жұмыс атқару салаларына назар салмаған: ғылыми-зерттеу жəне 
əдістемелік жұмыс, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушылардың 
ата-аналарымен жұмыс жəне т.б. Педагогикалық менеджмент мəнін 
бұлайша тарылту авторлардың көпшілігі басқаруды негізінен оқу 
мекемесі басшысының ұйымдастыру-əкімшілік қызметі ретінде 
қарастыруынан туындаған. Білім беру мекемесін басқарудың теориясы 
мен тəжірибесінде оқушылардың қызметін тікелей басқаруды жүзеге 
асыратын бірінші буын менеджерлері ретінде оқытушылардың кəсіби 


24
қызметінің мəселелері лайықты дамуы мен негіздемесін алған жоқ
[114]. Осы саладағы олқылықтарды толықтыруға ұмтылу, зерттеуші-
лердің зейінін көбінесе, педагогтың басқару қызметіне негіздейді.
Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субъектісі ретінде оқушының 
өзін де қарастыру қажет. Педагог жүзеге асыратын менеджмент функ-
циялары тек олар оқушы тарапынан өзін-өзі басқарудың (өздігінен ме-
неджмент) барабар əрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді 
болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Оқушының 
өзін-өзі басқару іскерліктерін меңгеруі қазіргі уақытта білімдер, 
іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жан-жақты тұлғаны тəрбиелеу, 
бейімділіктер мен қабілеттерді дамытумен қатар, білім беру үдерісінің 
маңызды мақсаты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет