Топ-менеджер
(директор)
Жоспарлау
Қаржы
Өндіріс
1 ЖОБА
2 ЖОБА
Мамандар
Мамандар
Мамандар
Мамандар
5–7420
66
бөлімшеде өз жұмыс орнын сақтауында жəне желілік жетекшісімен
қатар, жоба жетекшісіне бағынуында. Екі жетекшінің міндеті сондай-
ақ, маманға онымен атқарылатын міндеттерге деген талаптарына
келісуден тұрады.
Мектептің құрылымдық ерекшеліктері туралы айтқанда, ең бас-
тысы білім беру мекемесіндегі басқарудың негізгі органдарын
көрсету қажет: мектептің педагогикалық кеңесі, жұмысында білім
берудің мемлекеттік-қоғамдық басқару идеялары жүзеге асырылатын
қорғаншылық кеңесі, əдістемелік кеңесі.
Əдістемелік кеңес мектептегі əдістемелік жұмысты үйлестіретін
ұйымдастырушылық құрылым болады. Директордың орынбасарлары,
əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, үздік педагогтар əдістемелік
кеңес құрамына кіреді. Кеңеске директор орынбасарларының бірі
жетекшілік жасайды, көп жағдайда директордың оқу жұмысы бо-
йынша орынбасары жетекші болады. Əдістемелік кеңес əдістемелік
жұмысты жетілдірудің стратегиялық бағыттарын анықтайды, бірыңғай
əдістемелік тақырып бойынша педагогтардың іздестіру қызметін жос-
парлайды жəне ұйымдастырады, əдістемелік бірлестіктердің жəне
мұғалімдердің проблемалық топтарының жұмысына жетекшілік
жүргізеді, педагогтардың біліктілігін арттыруын ұйымдастырады.
Директор маңындағы кеңестер, мектеп директоры
орынбасарларының маңындағы кеңестер, жедел кеңестер, əдістемелік
семинарлар, комиссия отырыстары сияқты нысаналар да мектепті
басқаруда үлкен рөл атқарады. Оқу-тəрбие барысын ұйымдастыру
функциялары мектептегі мұғалімдердің əдістемелік бірлестіктерімен,
орта кəсіптілік білім беру мекемелеріндегі пəндік-циклдік комиссияла-
рымен жүргізіледі.
Барлық педагогтар əдістемелік бірлестік (ƏБ) қызметіне қатысуға
міндетті. Əдістемелік бірлестіктер мектепте бір профильден үш жəне
одан көп педагог жұмыс істесе құрылады. ƏБ - бір оқу пəнін оқытатын
немесе мазмұны бойынша жақын оқу пəндерін оқытатын мұғалімдерді
біріктіретін пəндік болады немесе бастауыш сыныптарының
мұғалімдері үшін жəне сынып жетекшілері үшін құрылады.
ƏБ отырыстарында оқу жəне тəрбие жұмысын ұйымдастырудың
теориялық жəне əдістемелік деңгейлерін арттыру мəселелері
қарастырылады, заманауи тұжырымдамалар, озық педагогикалық
тəжірибе, нормативтік құжаттар зерделенеді, оқушылардың оқу мен
тəрбиесінің нəтижелері талқыланады, жұмыс тəжірибесімен алмасты-
ру жүргізіледі.
Нақты проблеманы шешу үшін құрылған өзекті – көбінесе аз зер-
деленген мəселемен шұғылданатын, зерделеу нəтижелерін зерттейтін
67
жəне жұмысының тəжірибесіне енгізетін, педагогтарды біріктіретін
уақытша жəне тұрақты шығармашылық (проблемалық) топтар мек-
тепте кеңінен таралған. Осы топтар іздестіру проблемаларын шешу-
мен қатар, ұйымдастырушылық проблемаларды да шешу үшін құрылу
мүмкін. Мектептегі əдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы заманауи
көзқарастар Т. М. Баймолдаевтың, А. А. Жайтапованың, С. И. Ислам-
ғұлованың жəне басқаларының еңбектерінде қарастырыл-ған [14, 35,
36, 42].
Əкімшілік ұйымдастырушылық құрылым осы ұжымдарға кіретін
адамдардың еңбегін, құқықтары мен міндеттерін ресми бөлуге
негізделген педагогтар немесе мектеп сыныбы (студентер тобы)
ұжымының формалды құрылымымен тығыз байланысты. Бірақ
барлық əлеуметтік топтар формалды емес ұйымдастырушылық
құрылымда болады. Ондай құрылымдарға бірін-бірі құрметтейтін,
ұнататын адамдар топтасады. Егер формалдық топардың қызметі
тиісті құжаттармен (бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, штаттық
кестесімен жəне т.б.) реттелсе, ұжымдағы формалды емес топтардың
қарым-қатынастары барлық уақытта реттелмейді, ал реттеле бастаса,
онда ол осы қатынастарға кері əсерін тигізеді. Басқару тəжірибесі жеке
адамдардың ынталылығы мен талпыныстары негізінде пайда болған
«төменнен» ұсынылған бастама көп жағдайда үлкен əлеуметтік əсер
беретінін көрсетті. Сонымен қатар, осындай бастамаларды ресми
деңгейге ауыстыру оның бəсеңдеуіне, оны осы адамдардың қандай
да бір «міндеттеме» ретінде кері қабылдауына əкеп соқтырады. Кеңес
мектебінің жұмыс тəжірибесінен тимур қозғалысын айтуға бола-
ды. Балалардың оң əлеуметтік əрекеттердегі ішкі құштарлығы мен
қажеттіліктерінен туындаған жəне олардың өзімен ұйымдастырылған
ол үлкен тəрбие резонансына ие болды. Осы қозғалыс мектептерде
тəрбие жұмысының міндетті құраушысы ретінде енгізілген соң, бала-
ларда зерігу мен түсінбеушілікті тудырып көбінесе, кері нəтиже берді.
Формалды емес, көбінесе, байқалмайтын жəне талдауға қиын
қатынастарды ескермеу бүкіл ұжымның, жалпы компания жұмысының
тиімділігіне кері əсер ету мүмкін. Жəне, керісінше, тұлғааралық өзара
қатынастарды, ұжымның формалды емес құрылымын есепке алу,
онымен санасу оң еңбек уəждеуіне ықпал етеді, бүкіл ұжымның жəне
оның кейбір мүшелерінің еңбек өнімділігі артады. Осындай əлеуметтік
əсер осы топтардағы адамдардың қорғаныстағы, қарым-қатынастағы,
қатыстылық сезіміндегі, танылуындағы жəне басқа негізгі əлеуметтік
қажеттіліктердің жүзеге асырылуымен түсіндіріледі. Қызметкерлердің
осы қажеттіліктері формалды емес топтарда жүзеге асырылуына
жағдайлар жасау, ұйымдағы психологиялық атмосфераны жақсартуға,
68
демек еңбек өнімділігін арттыруға, күштердің өнімсіз шығындарын
төмендетуге, қызметкерлердің жеке жəне рухани денсаулығын сақтауға
көмектеседі.
Сондай-ақ, формалды емес құрылымдар ұжымның өзіне, оның
қызметін ұйымдастыруға кері əсер етуі мүмкін екенін ескеру керек.
Сыныптың формалды емес топтары жəне олардың көшбасшылары
сыныптағы билік үшін күресетінін, олардың қарсылық көрсетудің
кез келген талпынастарды басып, қалған оқушыларға өз еріктерін
жүргізгендігін көруге мүмкіндіктері бар мектеп мұғалімдері, осы фе-
номенмен жақсы таныс болуда. Ұқсас жағдайлар оқушылардың тəрбие
барысымен қатар, оқу сапасына да кері əсер етеді.
Менеджмент бойынша əдебиетте осындай қауіптілік еңбек
ұжымдарында да байқалады: формалды емес топтардың қызметкерлерге
жəне ұйымның өзіне осы əсер етуі санкцияланбаған басқару деп ата-
лады. Осы əсер етуді бейтараптандыру үшін менеджер ұйымда қандай
формалды емес топтар бар екендігін, олар қандай сипатта екендігін,
басқа қызметкерлерге қандай жəне қалай əсер ететіндігін жақсы білуге
тиіс. Атап айтқанда, менеджер [50]:
– формалды емес топ бар екендігімен келісуге жəне осы деректі
қабылдауға;
– оған өзінің мақсаттарына жету үшін формалды емес топ
қаншалықты құнды екендігін түсінуге;
– формалды емес көшбасшыларын анықтауға жəне оларды
басқаруға;
– формалды емес жəне формалды топтарының мақсаттарын
біріктіруге əрекет етуге;
– формалды емес топтар, оның əрекетіне қарамастан, өздерінің бо-
луын жалғастыра беретінін түсінуге тиісті.
Білім беру мекемесінің педагогикалық менеджментінде
ұйымдастыру функциясын қарастырғанда, ББМ əкімшілігінің ↔ ББМ
қызметкерлері (оның ішінде педагоготар) деңгейінде, сол сияқты пе-
дагогтар ↔ білім алушылар деңгейінде, сондай-ақ білім алушылар
жəне педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру, өз менеджментіне қатысты
деңгейінде де жүзеге асырылатынын ескеру керек. Педагог жəне
оқушы/студенттің бірлескен қызметі, оның сипаты мен нəтижелері
педагогикалық жəне оқу қызметінде жүзеге асырылатын білім беру
технологиясымен тығыз өзара байланысты. Əр білім беру технология-
сы, өз кезегінде, оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы (иннұсқалық)
түрлеріне, оқытудың қолданылатын əдістері мен тəсілдеріне, араласу
тəсілдеріне, білім мазмұнына жəне оны беру мен өңдеу ерекшеліктеріне,
үдерістің нəтижелелігін бақылау тəсілдеріне ие болмай, сонымен
69
қатар, нұсқалық, тек оған тəн құрауыштарға да ие болуда. Барлық осы
құрауыштар заманауи орта білім беретін, орта кəсіби жəне жоғары
мектептерде жүзеге асырылатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың
көптеген үлгілерін құрайды.
Педагогикалық ұйымдастырылған түрлері мен білім беру
субъектілерінің өзара əрекеттесу əдістеріне, əзірлеу технологиясына
жəн т.б. қатысты осы үлгілердің ерекшеліктері жан-жақты əрі əртүрлі
болып келеді, сондықтан да оларды жіктеу кезінде едəуір проблемалар ту-
ындайды. 3-кестеде ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерінің жіктеу
сызбасы ұсынылған (дереккөзі – http://imp.rudn.ru/Open/ikt/6.htm).
3-кесте. Оқу үдерісін ұйымдастыру үлгілерін жіктеудің
феноменологиялық жүйесі
Білім беру
бағдарлама-
ларының
Жүйенің оқыту
түрлері (əдістері)
Оқу үдерісін
ұйымдастыру
əдістері
Білім беру тех-
нологиялары
Орта кəсіптік
білім
Жоғары кəсіптік
білім
Қосымша
кəсіптік білім
Күндізгі –
(жұмыстан толық
босатумен)
Күндізгі-
сырттай (кешкі)
– (жұмыстан
жартылай боса-
тумен)
Сырттай –
(жұмыстан
босатылмай)
Экстернат –
(жұмыстан
босатылмай)
Қашықтықтан
білім беру
Үздіксіз білім
беру
Интегрирленген
білім беру
Ашық білім беру
Кейс-
технологиясы
Телекоммуни-
кациялық техно-
логиялары:
Интернет-
технология
Ақпараттық-
спутниктік
технология
Достарыңызбен бөлісу: |