Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет184/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

 

Қорытынды

1. Ақша – бұл абсолютті өтімділікке ие айырбас құралы. Ақшалар 

инфляциялық үрдістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-

теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша нарықтарының тиімді 

жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория 

ретінде саналады.

2. Ақша мынадай қызметтерді атқарады: 1) құн өлшеу құралы 

ретінде – тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу жəне салыс-

тыру үшін қызмет атқарады; 2) айналым құралы немесе жалпылама 



айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет 

атқарады; 3) жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта са-

тып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады; 4) төлем 

құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады; 

5)  əлемдік ақшалар ретінде – əлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін 

қолданылады.

3. Ақшаның бағасы ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ақша 

ұсынысының нəтижесінде қалыптасады. Ақшаға деген сұраныс (М

d



– тұр ғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір 

төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қол-

дарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша 

қаражаттарына деген жалпы қажеттіліктері. 

4. Ақша ұсынысы (M

S

) – бұл банктен тыс айналымдағы ақша көлемі. 



Ол қолма-қол ақшалар (С) мен экономикалық агенттердің талап еткенге 


158

дейінгі депозиттерінен (D) құралады немесе ақша ұсынысын M

1

 ақша 


агрегаты деп қарастыруға болады.

5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі 

жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін 

ақша көлемінің теңесуі. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті Ұлттық банк 

реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет