Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


се тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге  алып келеді. Қорытынды



Pdf көрінісі
бет229/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

194

се тұрақты өнім көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге 

алып келеді.

Қорытынды

1. IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – эконо-

миканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер 

нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-

теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір 

мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен 

нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға 

мүмкіндік береді.  

2. IS қисығы – игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. 

Ол теріс көлбеулі болып табылады, өйткені пайыздық қойылымның 

төмендеуі инвестиция көлемін арттырады.

3. IS қисығының жатыңқы болу себептері мыналарға байланысты:

• 

инвестиция мен таза экспорттың пайыздық қойылымға деген се-



зімталдылығының аса жоғары болуы;

• 

тұтынуға деген шекті бейімділіктің жоғары болуы;



• 

салық салудың шекті мөлшерлемесінің төмен болуы;

• 

импорттауға деген шекті бейімділіктің төмен болуы.



4. LM қисығы – ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсететін үлгі. 

LM қисығының жатыңқы болу себептері:

• 

ақшаға деген сұраныстың пайыздық қойылымның қарқы нына де-



ген сезімталдылығының жоғары болуы;

• 

ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ қарқынына деген сезім 



талды-

лығының төмен болуы.

5. IS жəне LM қисықтары белгілі бір факторлардың өзгеруі салда-

рынан оңға немесе солға жылжиды. 

6. IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

7. IS-LM үлгісі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаттарының 

қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа əсер етуін талдау үшін 

қолданылады.

8. Ынталандырушы бюджет-салық саясатының нəтижесінде бір 

жағынан, жұмысбастылық пен өнім көлемі өседі, ал екінші жағынан, 

ығыстыру əсерінің салдарынан өнім көлемі азаяды.

9. Бюджет-салық жəне ақша-несие саясаттарын бірге қолдану пайыз 

мөлшерлемесін өзгертпей, өнім көлемін көбейтуге немесе тұрақты өнім 

көлемінде пайыз мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді.

10. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік дең гейіне 

сəйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет