Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет232/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ   с ө з д і к  (глоссарий) 

жасау.

2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ   с х е м а л а р  құрастыру.

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- IS-LM үлгісінің тəжірибелік маңыздылығы жəне əлемдік қолда-

нысқа ие болуы;

- IS-LM үлгісі арқылы Қазақстанның макроэкономикалық саясаты-

на тал дау жасау жəне оны бағалау.

4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):

- Инвестициялық тұзақ жəне өтімділік тұзағы; 

- IS-LM үлгісіндегі кейнстік, монетаристік жəне аралық жағдайлар. 

5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:

1. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс?

а) Ақша-несие саясатының шараларын жүргізу нəтижесінде IS 

жəне LM қисықтары бір уақытта өзгереді.

б) Ақша ұсынысының ұлғаюы жəне мемлекеттік сатып алымдар-

дың өсуі ЖІӨ динамикасына бірдей əсер етеді.

в) Ақша ұсынысының ұлғаюы жəне салық ставкаларының төмендеуі 

нарықтық пайыз мөлшерлемесіне бірдей əсер етеді.

г) Ақша ұсынысының қысқаруы жəне салық ставкаларының тө-

мендеуі жиынтық сұраныс қисығына бірдей əсер етеді.

д) Егер баға деңгейі төмендесе, онда жиынтық сұраныс қисығы оңға 

жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды.

2. IS-LM үлгісіне сəйкес пайыз мөлшерлемесі, табыс деңгейі, тұ-

тыну мен инвестиция көлемі қалай өзгереді? Егер:

а) Ұлттық банк ақша ұсынысын қысқартса.

б) Мемлекет тауарлар мен қызметтерді сатып алуды төмендетсе.

в) Мемлекет салықтарды қысқартса.

г) Мемлекет сатып алымдарды жəне салықтарды бірдей мөлшерде 

төмендетсе.



198

3. Экономика келесі теңдеулермен сипатталады:

C = 300 + 0,8 Yd;

I = 200 – 1500 R;

Xn = 100 – 0,04 Y – 500 R;

Md = (0,5 Y – 2000 R) P;

G = 200 (мемлекеттік шығындар);

t = 0,2 (салық салу мөлшерлемесі);

M = 550 (атаулы ақша ұсынысы);

P = 1 (бағаның тұрақты деңгейі).

а) пайыз мөлшерлемесінің жəне табыстың тепе-теңдік деңгейін 

анықтаңыз;

б) жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін анықтаңыз.

4. Айталық, үкімет мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту 

үшін жəне инфляция деңгейін төмендету үшін салықтарды өсірді. IS-

LM үлгісін пайдалана отырып, Ұлттық банк өндіріс көлемінің деңгейін 

өзгертпеу үшін қандай іс-шараларды жүргізу керек. График арқылы 

көрсетіңіз.

5. Егер Ұлттық банк инфляция деңгейін төмендету мақсатында 

қатаң ақша-несие саясатын жүргізсе, онда қысқа мерзімде мынадай 

жағдайлар орын алады:

а) жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, жоспарланған шы-

ғындар қисығы жоғары жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды;

б) жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды, жоспарланған шы-

ғындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы оңға жылжиды;

в) жиынтық сұраныс қисығы өзгеріссіз қалады, жоспарлан-

ған шы 

ғындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы солға жыл-

жиды;

г) жиынтық сұраныс қисығы солға төмен жылжиды, LM қисығы 



солға жоғары жылжиды, ал жоспарланған шығындар қисығы төмен 

жылжиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет