2007
2008
2009
2010
Жұмыс күші (L), мың адам
8228,3
8415,0
8457,9
8610,7
Жұмыспен қамтылғандар (Е),
мың адам
7631,1
7857,2
7903,4
8114,2
3. Табиғи жұмыссыздық – 8 %. Балалар мен жұмысқа жарамсыздар –
80 млн. Егер фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 3 млн., құрылымдық
жұ мыссыздық мөлшері – 2 млн. жəне мəжбүрлі жұмыссыздық мөлшері
– 4 млн. адам болса, онда елдегі халық саны қанша?
4. Мəжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық
саны 30 млн. адам, олардың 10 млн.-ы – жұмысқа қабілетсіздер мен ба-
лалар. Жұмыссыздық деңгейі 7%, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %.
5. Келесідей деректер бар:
Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам, жұмыссыздар саны
10 млн. адам. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар. 90 млн. жұмыс-
пен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам
жұмыстан шығарылған еді, 1 млн. адам ресми тіркелген жұмыссыз-
дар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз:
а) жұмыспен қамтылғандардың санын;
б) жұмыссыздар санын;
в) жұмыссыздық көлемін.
6. NAIRU немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6%, ал нақты
деңгейі 10%.
Егер Оукен коэффициенті 2-ге тең болса, онда:
а) ЖІӨ-нің нақты деңгейі əлеуетті деңгейінен қанша пайызға
ауытқиды?
ə) егер ЖІӨ-нің нақты деңгейі ағымдағы жылы 6 трлн. тг. болса,
онда абсолюттік шамада ЖІӨ-нің жоғалтулары қандай?
7. Елдегі халық саны – 10,5 млн. адам, фрикциондық жұмыссыздық
мөлшері – 100 мың, құрылымдық жұмыссыздық – 200 мың адам
жəне мəжбүрлі жұмыссыздық – 300 мың адамды құрайды. Табиғи
жұмыссыздық деңгейі – 5%. Елдегі еңбекке қабілетті адамдардың са-
нын анықтаңыз.
8. Мына орын алған жағдайлардың жұмыссыздықтың қандай тү-
ріне (фрикциондыққа, құрылымдыққа немесе циклдікке) жататынын
анықтаңыз:
220
- Жалпы экономикалық құлдыраумен байланысты орын алған қо-
лайсыз нарықтық жағдай автомобиль рыногында жүздеген жұмыс шы-
лардың жұмыстан шығуына мəжбүрлейді.
- Маңызды ресурс ретінде көмір отынына деген сұраныстың тө-
мендеуі жəне уран ресурсына деген сұраныстың өсуі салдарынан шах-
терлердің арасында жұмыссыздық деңгейі өсті.
- Мектеп директоры көп жағдайда қақтығыстық проблемалар туын-
датады, осының салдарынан бірқатар оқытушылар жұмыстан шығуға
мəжбүр болады жəне басқа мектептерден жұмыс іздеуге тура келеді.
- 1998 жылы болған қаржылық дағдарыс салдарынан көптеген ту-
ристік компаниялардың əрекеттері тоқтай бастады жəне олар өз
қызмет керлерін амалсыздан жұмыстан шығарды жəне демалысқа
жіберуге мəж бүрлі болды.
- Жоғары оқу орнын бітірген студенттің бұрынғы үлкен электрон-
ды есептеу машинасында жұмыс істеу қабілеті нарықтық сұранысқа ие
болмай қалды, осының салдарынан ол жаңа электронды технологиялар-
ды оқуды қолға ала бастады.
- Жаңадан тұрмысқа шыққан жас əйел жолдасының үйіне көшкеннен
кейін бұрынғы жұмыс орнынан шықты жəне бұрынғы мамандығы бо-
йынша жаңа мекенжайына сəйкес жұмыс орнын іздеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |