Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет300/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Экономикалық жағдаят – бұл экономиканың бірқалыпты, 

əрі өспелі тепе-теңдіктік дамуын сипаттайтын жиынтық макро-

экономикалық көрсеткіштердің өзгеру бағыты мен дəрежесі.

Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэ-

кономикалық тұрақсыздық мəселелеріне алғаш рет аса дəйекті 

түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық 

циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.

Экономикалық циклдің фазалары: 

а)  құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық 

даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өнді 

ріс 


көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұ 

мыс-


бастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, баға-

лардың құлауы, өндіргіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндіріс-

тік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай 

банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы); 

ə) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі 

нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының 

ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, 

тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар 

төмендеуінің тоқтатылуы; 

б)  жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі 

капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыздықтың қысқаруы, 

жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелері 

нің 

өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көр-



сеткіштермен сипатталады; 

в)  өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жо-

ға рылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвести ция-

лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, 

жа лақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты 

көрсеткіштермен сипатталады.

Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономи-



256

калық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: ре-

цессия жəне көтерілу. Рецессия деп дағдарыс жəне құлдырау 

түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу жəне шың.

Экономикалық цикл үрдісінде əртүрлі орын алатын эконо ми-

калық көрсеткіштер мəндерінің ауытқып отыруына байланыс ты, 

осы экономикалық көрсеткіштер былай үшке бөлінеді: 

1)  проциклдік көрсеткіштер – бұл жандану фазаларында 

ұлғаятын жəне құлдырау фазаларында қысқаратын экономика лық 

параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі, 

өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының жыл-

дамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның жал-

пы деңгейі, корпорацияның пайдасы жəне т.б.;

2)  контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп 

отыратын, жандану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фа-

заларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға жата-

тындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын өнім 

қорларының мөлшері жəне т.б.;

3)  ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық 

циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық пара-

метрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт жəне 

импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу 

сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.

Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен Киселева-

ның пікірінше, экономикалық жағдаяттың осындай параметр-

лері   нің сəйкестілігі немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мы-

салы, 1973-1975 жылдары болған энергетикалық дағдарысқа 

байланыс ты АҚШ-та жəне бірқатар еуропалық елдерде рецес-

сия кезеңінде бағалар деңгейі төмендемей көтерілген болатын, 

бірақ біз баға деңгейі параметрінің проциклдік көрсеткішке 

жататындығын білеміз. 

Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономи-

калық зерттеулер Ұлттық бюросының класификациясы бойынша 

тағы да үш типке бөлінеді: 

а)  озғыш немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – бұлар 

жандану (құлдырау) фазасы орындалғанға дейін өзінің макси-




257

мум (минимум) нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметр-

лер. Бұларға мыналар жатады: өнеркəсіптегі жұмыс аптасы-

ның ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының орташа саны, 

қайта құрылатын іскерлік кəсіпорындардың саны, қорлардағы 

өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор 

рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша 

массасының өзгеруі; 

ə) кешігуші немесе қалып келуші параметрлер – жандану 

(құлдырау) фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (мини-

мум) нүктесіне келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 ап-

тадан асқан жұмыссыздар саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне 

құрал-жабдықтарға кететін шығындар, жалақыға кететін қомақты 

шығындар, коммерциялық банктердің пайыз мөлшелемелерінің 

орташа деңгейі; 

б)  сəйкес келуші немесе дұрыс келуші параметрлер – 

бұлар экономикалық белсенділіктің өзгеруімен сəйкес жəне бір 

уақытта өзгеріп отыратын параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), 

жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке табыстар, өндірушілер бағасы, 

орталық банктің пайыз мөлшерлемелері, жарнамаға кететін 

шығындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет