Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет356/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

sf (k) = (n + δ + g) k.

12.4-сурет.  Солоу үлгісіндегі экономикалық өсу жəне 

технологиялық прогресс

Сонымен, Солоудың үлгісінде технологиялық прогресс эконо-

микалық өсудің экзогенді факторы ретінде ұзақ мерзімде жан ба-

сына шаққандағы шығарылым көлемін ұлғайтады.

Сөйтіп, Роберт Солоу экономикалық өсу теориясына сүбелі үлес 

қосқаны үшін 1987 жылы Нобель сыйлығының иегері атанды. 

Экономикалық өсудің тарихи-əлеуметтік теориялары.

Американ ғалымы жəне социологы Уолт Ростоу, өткен 




299

ғасырдың 60-жылдары жасаған «экономикалық өсудің стадия-



лары» атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғам-

ның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі: 

1)  дəстүрлі (таптық) қоғам – бұған қол еңбегін қолдану, 

экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, 

төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің 

баяу қарқыны сияқты белгілер тəн; 

2)  қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар 

жасау кезеңі – мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қоз-

ғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен 

ер кін бəсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капитал- 

дың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген фактор-

лар қарастырылады; 

3)  қоғамның алға жылжуы немесе өнеркəсіптік төңкеріс 



кезеңі – мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік 

туады, даму үшін үкімет институттарының жəне əдет-ғұрыптар- 

дың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркəсіптің жекелеген 

салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке 

ауысады; 

4) қоғамның кемелдену кезеңі – мұнда экономикалық дамудың 

қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен ар-

тады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нəтижесінде халық 

шаруашылығының барлық салаларында жылдам əрі тұрақты 

даму үрдістеріне қол жеткізіледі; 

5)  қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қам-

тамасыз ететін кезең – мұнда өндіріс көлеміне шектелген ре-

сурстар кедергі келтіреді мəселе жойылады, керісінше, сұраныс 

пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ 

мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы 

күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-жылдары өзінің концепциясын 

алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адам-

зат үшін өмір сүрудің аса қолайлы жəне сапалы жағдайларын 

жасаудың жаңа жолдарын іздеумен айналысады. Сондықтан да 

ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін – қоғамның 

сапалы өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі деп 

атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет