Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет42/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

44

10.  ЖІӨ - 4000, тұтыну – 2500, инвестициялар – 400, мемлекеттік 

шығындар – 1200, экспорт – 200. Табу керек: а) Импорт көлемі қаншаға 

тең? ə) Жеке жинақтардың көлемі қаншаға тең?

11. ЖІӨ - 5000, жеке қолда бар табыстар – 4100, мемлекеттік бюд-

жет тапшылығы – 200, тұтыну – 3800, инвестициялар – 200. Табу керек: 

а) Таза экспорт көлемі қаншаға тең? ə) Жеке жинақтар көлемі қаншаға 

тең?


12. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша 

жəне табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.

Берілгендер (млрд. тг.):

- несиеге деген пайыз – 12,

- жалпы жеке инвестициялар – 55,

- жалақы – 218,

- корпорацияның пайдасы – 113,

- жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22, 

- ренталық төлемдер – 20,

- корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,

- таза экспорт – 9,

- мемлекеттік сатып алымдар – 90,

- таза жеке инвестициялар – 45,

- меншіктен түсетін табыстар – 21,

- мемлекеттік кəсіпорындарға субсидиялар беру – 2,

- тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,

- тұтыну шығындары – 260.

13. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну та-

уарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 

500 мөлшері өндірілді, əрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 

20 мөлшері өндірілді, олардың əрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. 

Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: 

а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін жəне инвестиция көлемін

г) Таза инвестициялар көлемін.

14. Өткен жылы белгілі бір мемлекетте мынадай көрсеткіштер орын 

алды (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 500, жеке сектордың жеке инвестиция-

лары – 75, мемлекеттік сатып алымдар – 80, үй шаруашылықтарының 

тұтынулары – 250, мемлекеттік бюджетке тікелей салықтардың түсуі – 

30, жанама салықтардың түсуі – 20, кəсіпкерлерге субвенциялар – 25, 

экспорт – 150, импорт – 110. Табу керек: а) үй шаруашылықтарының 




45

қолда қалған табыстарын; ə) амортизациялық қорды; б) мемлекеттік 

бюджет жағдайын.

15. Кестенің мəліметтері бойынша 2005 жылдың бағалар индексі 

мен дефляторды анықтаңыз:

Өнім


2004 ж

2005 ж


Баға

Саны


Баға

Саны


НАН

І

200



1

300


ЕТ

3

100



4

150


КИІМ

6

60



8

50

16. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 



480, жалпы инвестиция көлемі – 80, таза инвестиция көлемі – 30, үй 

шаруашылықтарының тұтыну көлемі – 300, мемлекеттік шығындар – 

96, мемлекеттік бюджет артықшылығы – 3. Табу керек: а) таза ұлттық 

өнімді; ə) таза экспортты; б) үй шаруашылықтарының қолда қалған та-

быстарын жəне олардың жинақтау көлемін.

17. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ҰТ – 500, қолда 

бар табыс – 410, жанама салықтардың субсидиялардан асып кетуі – 20, 

үй шаруашылықтарының тұтынуы – 380, сауда балансының тапшылығы 

(импорттың экспорттан асып кетуі) – 10. Табу керек: а) жинақтар мен 

жеке инвестициялар көлемін; ə) мемлекеттік шығындарды; б) тікелей 

салықтар сомасын, егер мемлекеттік бюджет тапшылығы 10-ға тең 

болса.


18. ЖҰӨ - 8281, амортизациялық төлемдер – ЖҰӨ көлемінің 

6 пайызын құрайды, корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 470, жа-

нама салықтар – 520, субсидиялар – 250, корпорацияның пайдасына 

салынған салықтар – 157, табыс салығы – 723, трансферттік төлемдер 

– 605, əлеуметтік сақтандыру жарналары – 115.

Табу керек: а) ТҰӨ-ді; б) ҰТ-ты; в) халықтың қолда қалған табыс-

тарын.


19. Жалақы – 1800, корпорацияның пайдасы – 300, амортизациялық 

аударымдар – 600, ренталық табыстар – салынған капитал құнының 15 

пайызын құрайды, трансферттер – 150, жанама салықтар – 300, капи-

тал құны – 6000. ЖҰӨ көлемін есептеу қажет. Бұл есепте қай əдісті 

қолданамыз?



46

20. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана оты-

рып, мемлекеттік жинақтар көлемін жəне үй шаруашылықтарының 

жинақтау көлемін есептеңіз:

1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.

2. Экспорт – 160.

3. Импорт – 80.

4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.

5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін 

төлемдер – 280.

6. Инвестициялар көлемі – 1480.

7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй ша р-

уашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет