ТАҚЫРЫП 9. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИСТТІҢ ПАЙДАСЫН
АРТТЫРУ
1. Монополия түсінігі және түрлері
2. Монополистің өнім көлемін анықтауы
3. Монополиялық биліктің көрсеткіштері
4. Нарықты монополиялаудың белгілері
5. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері
6. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия
7. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары
8. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу
9. Бағалық дискриминация
1. Монополия түсінігі және түрлері
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты кӛрсеткіштердің бірі,
осы қарастырылып огырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген
бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны ӛте кӛп болады,
сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете
алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы
анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке
нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және ӛздерінің бақылауынан тыс деп
қабылдайды. Ӛнім ӛндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу,
сондықтан олар әрдайым ұтымды ӛнім кӛлемін анықтауға ынталанады..
Бәсекелесу деген сӛздің ӛзі экономикалық пайданы бӛлу және тұтынушының
тандауының бар екендігін кӛрсетеді. Дәл осы себептен де ӛндірушілер тұтынушының
сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының
алдында бір ғана ірі ӛндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің
ӛнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы
тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 9.1-суретте бейнеленген.
9.1-сурет.
Монополиянық ерекшеліктері
Берілген тауарды ӛндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды
ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық -
монополия,
ал фирма
-
монополист
деп аталады. Монополист берілген тауарды ендіретін жалғыз фирма
болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып
табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист ӛзінің
Ӛнімнің ерекше
болуы
Тосқауылдың
кӛп болуы
Достарыңызбен бөлісу: |