бол майтындығымен түсіндіріледі. Мысалы, ағымдық операция-
ды. Олай болса, валюталық интервенциялар Орталық банктің
құра лы болып табылады. Төлем балансының тапшылығына не-
373
алса, онда сол ел шетелге қарыздар болып табылады. Мұндай
жағдайда Орталық банк ресми валюталық резервтерінен дол-
ларларды ішкі нарықта сатады, яғни валюталық интервенция-
лар жүргізеді. Ақша нарығында шетел валютасының ұсынысы
ұлғаяды жəне кредит бойынша плюс таңбасымен өтеді. Бірақ,
Орталық банктің ресми резервтері қысқарады. Банктің осын-
дай операцияларын экспорттық операциялармен ұқсатуға бола-
ды, яғни тауарлар экспортталғанда да ішкі нарыққа шетел ва-
лютасының ағылатындығын біз білеміз.
Керісінше, егер төлем балансының артықшылығы Xn + (I – S)
> 0 орын алса, онда сол ел шетелдік секторды несиелей алады.
Мұндай жағдайда Орталық банк ішкі нарықта шетел валютасын
сатып ала отырып оның ұсынысын қысқартады, яғни қайтадан
валюталық интервенцияларды жүргізеді. Осындайда тəжірибеден
бір мысал келтіруге болады: соңғы жылдары мұнайға əлемдік
бағаның шарықтауы салдарынан мұнайды сыртқа шығару ке-
зінде Қазақстанға шетел валютасы («мұнай доллары») көптеп
ағылды. Орталық банктің осы жердегі əрекеттері (теңгеге дол-
ларды сатып алу) ішкі нарықта шетел валютасының ұсынысын
қысқартады жəне ол дебет бойынша минус таңбасымен өтеді. Бірақ
Орталық банктің ресми резервтері ұлғаяды. Енді банктің осын -
дай операцияларын импорттық операциялармен ұқсатамыз, яғни
тауарлар импортталғанда ішкі нарықта шетел валютасының
шамасы азаяды.
Макроэкономикада Орталық банктің ресми резервтер шо-
тының сальдосы ∆R символымен белгіленеді. Олай болса, Ор-
талық банктің іс-əрекеттері нəтижесінде ресми валюталық
ре зервтердің өзгерісі төлем балансының барлық баптарының со-
маларын кредит пен дебет бойынша нөлмен шығаруға мүмкіндік
береді:
Достарыңызбен бөлісу: