тып алу қабілеттілігінің паритеті теориясы (СҚП) деген атқа
ие болды. Кезінде СҚП идеясын бірінші болып Д. Рикардо алға
тартқан, бірақ ол теория ХХ ғасырдың басында швед экономисі
Г. Кассельдің еңбектерінен кейін ғана белгілі бола бастады.
Бұл теорияны былай тұжырымдауға болады: егер халықаралық
нарықтарда алыпсатарлардың əрекеттері жүзеге асырыла ала-
тын болса, онда қандай да бір ақша бірлігі (доллар, еуро жəне
т.б.) барлық елдерде бірдей сатып алушылық қабілеттілікке ие
болуы тиіс.
СҚП теориясының екі нұсқасы бар: абсолюттік СҚП жəне са-
лыстырмалы СҚП.
Валюталардың абсолюттік СҚП-і атаулы айырбас бағамы
екі елдегі бағалар деңгейінің арақатынасына тең болады дегенді
білдіреді. Егер Қазақстанда стандартты тұтыну кəрзеңкесі бір
айға есептегенде 15 000 теңгені жəне АҚШ-та 100 долларды
құраса, онда атаулы айырбас бағамы 15 000 тг./100 долл. немесе
150 тг./1 долл. қатынасына тең болады.
СҚП теориясы абсолюттік нұсқасында нақты айырбас
бағамы өзгеріссіз қалуы үшін, атаулы айырбас бағамының қалай
өзгеретіндігін білдіреді жəне ол 1-ге тең болуы тиіс, оны төмен-
дегі формуладан көруге болады:
ε = Р/еР* = 1.
Егер қазақстандық өнімнің бағасы 90 000 теңгені, ал дəл сон-
дай американдық өнімнің бағасы 6 000 долларға тең болса, онда
атаулы айырбас бағамы 15 тг./1 долл. қатынасын құрайтын бола-
ды. Олай болса, бұл жерде нақты айырбас бағамы мынаған тең
болады:
90 000 теңге: (15 тг./1 долл.)×6 000 долл. = 90 000 : 90 000 = 1.
380
Егерде, біздің елімізде қазақстандық өнімнің бағасы инфля-
цияның салдарынан екі есе өссе жəне ол 180 000 теңгені құраса,
онда теңгенің атаулы айырбас бағамы бағалардың арақатынасы
бұрынғысынша 1-ге тең қалпында қала алатындай болып тө-
мендеуі тиіс (сəйкесінше, доллардың бағамы өсуі тиіс). Бірақ
бұл арақатынас айырбастың қандай жаңа атаулы бағамы кезінде
орындалады? Қазақстандағы инфляциялық үдерістер теңгеге
сұранысты қысқартып, долларларға сұранысты арттыра бастай-
ды. Егер енді валюта нарығында 1 долларға 30 теңге қажет бол-
са, онда жоғарыдағы формуланы қолдана отырып, бағалардың
арақатынасын былайша есептеуге болады:
180 000 теңге: (30 тг./1 долл.)×6 000 долл. =180 000 : 180 000 = 1.
СҚП теориясы салыстырмалы нұсқасында былай сипаттала-
ды, яғни валюталардың атаулы айырбас бағамдарының өзгерісі
осы елдердегі бағалар деңгейінің өзгерісіне сəйкес келеді. Атау-
лы айырбас бағамының қарқынын анықтау үшін мына формула
қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |