Ревальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық
валютаның бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату. Им-
портерлер мен экспортерлер тұрғысынан бұл жағдай девальвация
шарасына қарама-қарсы болып табылады: импортерлер ұтады
жəне экспортерлер ұтылады.
Соңында, тағы бір көкейге түйетін жайт, яғни, «девальвация»
жəне «ревальвация» ұғымдары айырбастың тек тіркелген бағамы
кезіндегі жағдайларда ғана қолданылады.
Еркін қалқымалы айырбас бағамы – бұл Орталық
банктің валюталық нарықта нарықтық сұраныс пен ұсыныстың
əсерінен айырбас бағамының еркін түрде құбылуына жол беруі.
Қалқымалы бағам кезінде Орталық банк валюта басқыншылы-
ғын жүргізбейді, жəне сəйкесінше, оның алтын валюталық ре-
зервтері өзгермейді (ΔR = 0). Ал төлем балансы бұл кезде валюта
бағамының құбылуынан тепе-теңдік қалпында болады.
Еркін қалқымалы жүйе жағдайларындағы айырбас бағамы-
|