Саяси сілкіністер – макроэкономикалық саясаттың іс-шараларын
(ақ ша ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық жəне валюталық
саясаттарда ғы өзгерістер) жүзеге асыру нəтижесінде ұлттық табыс пен
шығарылым көлемінің өзгеруі.
Сəйкес келуші – немесе дұрыс келуші параметрлер – экономикалық
белсенділіктің өзгеруімен сəйкес жəне бір уақытта өзгеріп отыратын
параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке
табыстар, өндірушілер бағасы, орталық банктің пайыз мөлшерлемелері,
жарнамаға кететін шығындар.
Слампфляция – өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен
жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең
ауыр жағдайы.
|