Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет68/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   525
Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбас-

тылықтың орын алуын қолдай отырып, тауар бағаларының өз-

герісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын сипаттайтын 

кезең.



62

Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің 

өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға 

негізделіп құрылады:

• 

өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қол-



дағы бар технологияға байланысты анықталады, ал баға деңгейіне 

тəуелді емес;

• 

өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге ріс-



тер өте баяу жүзеге асырылады;

• 

экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда 



жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенци-

алды көлеміне тең болады;

• 

бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері 



нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады. 

Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды) деңгейін сипаттайды 

(3.3-сурет), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде 

болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылатын жағ дай-

да қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар 

деңгейін өзгертеді (3.4-сурет). Мысалы, ақша ұсынысының 

төмендеуі кезінде AD

1

 қисығы солға (төмен) AD



2

 жағдайына 

ығысады. Экономикалық тепе-теңдік E

1

 нүктесінен E



2

 нүктесіне 

ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі AS

ұзақ мер.

 өзінің бұрынғы 

деңгейінде сақталып қалады.

Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер 

өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын 

алуы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет