Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет73/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

саясатын қарастыруға болады. 

Мысалы, ұсыныс тарапынан болған жағымсыз сілкініс (мұ-

найға бағаның күрт артып кетуі) бағаның жалпы деңгейінің 

өсуіне алып келеді. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы 

SRAS

1

-ден SRAS



2

-ге қарай жоғары көтеріледі, ал өндіріс көлемі 

В нүктесіне сəйкес келіп Y

1

-ге дейін қысқарады (3.10-сурет).



3.10-сурет.  Жағымсыз сілкіністің экономикаға əсері

Егер үкімет пен Орталық банк араласпаса, онда экономика 

өздігінен жаңа жағдайға бейімделе бастайды. Əлеуетті деңгейінен 

төмен нақты өндіріс көлемі мен жұмысбастылықтың төменгі 

деңгейінде (В нүктесі) баға біртіндеп төмендей бастайды, өндіріс 

көлемі мен жұмысбастылық деңгейі бұрынғы қалпына оралады, 

яғни бұл AD

1

 қисығының бойымен кері бағытта төмен жыл жып 



В нүктесінен А нүктесіне қайта келу арқылы орын алуы мүм-

кін. Алайда экономиканың өздігінен жаңа жағдайға бейімделу 




69

үрдісі өте ұзаққа созылады, сол себепті экономиканың ұзақ құл-

дыраушылығы мен жұмысбастылықтың қысқаруы əлеуметтік 

қақтығыстарды шиеленістіріп жіберуі мүмкін. 

Сондықтан Орталық банк ақша ұсынысын арттыру арқылы 

дағдарыстың алдын ала алады (жиынтық сұраныс қисығының 

AD

1

- ден AD



2

-ге оңға жылжуы), бірақ сілкіністің салдарынан 

өскен бағаның жоғары деңгейі сақталып, тепе-теңдік нүктесі В 

нүктесінен С нүктесіне өтеді. Нəтижесінде өндірістің нақты кө-

лемі мен жұмысбастылық ұлғайып, бұрынғы əлеуетті деңгейі не 

сəйкес келеді. Тура осындай нəтижеге үкіметтің мемлекеттік шы-

ғындарды арттыруы немесе салықтарды төмендетуі арқылы да 

қол жеткізуге болады. 

Сонымен, мемлекеттің экономикалық тұрақтандыру саясаты 

мынадай белгілі дилеммаға тап болады: ұзақ мерзімдік құлды-

рау мен жұмыссыздықты болдыру немесе өндіріс көлемі мен 

жұмысбастылық деңгейін қалпынша ұстап тұрып бағалардың 

өсуіне жол беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет