a = I
t
/ Y
t
– Y
t-1
,
мұнда, а – акселератор коэффициенті;
I
t
– осы жылғы салынған жаңа инвестициялар өсімі;
Y
t
– Y
t-1
– өткен жылдардағы өскен табыстың көлемі.
Мультипликатор мен акселератор принциптерінің екіжақты-
лық қызметі бар: мультипликатор автономды инвестициялар ар-
қылы жиынтық сұраныс пен ұлттық табысты көбейтеді, ал ак-
селератор ұлттық табыстың табыс пен жиынтық сұраныстың
өсіміне қолдау ретінде жиынтық ұсыныстың артуын жеделде-
теді. Сөйтіп, біз мультипликатор мен акселератордың бір-бірін
қолдап отыратын механизм екеніне қол жеткіземіз.
Жеткіліксіз сұраныс пен толық емес жұмысбастылық жағда-
йында халық жинақтарының өсуі «үнемділік оғаштылығы»
құбылысын тудырады. Бұл игіліктер нарығын кейнстік макроэ-
кономикалық үлгіде қарастыру кезінде мультипликаторлық əсер-
дің салдарынан пайда болатын ерекше жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |