Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-сурет.  AD-AS үлгісі мен Кейнс кресі үлгісі арасындағы байланыс 104



Pdf көрінісі
бет118/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

4.11-сурет.  AD-AS үлгісі мен Кейнс кресі үлгісі арасындағы байланыс


104

4. Кейнстік психологиялық заңы былай сипатталады, яғни табыс 

өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табысқа қарағанда 

аз өседі. Олай болса, өскен табыстың қалған бөлігі жинақтауға кетеді. 

Қысқа мерзімде табыс өскенде тұтыну көлемі салыстырмалы түрде 

азаяды жəне жинақтау көлемі артады. Ұзақ мерзімде табыс өскенде 

тұтыну көлемі тұрақтылық жағдайына бейімделеді.

5. Инвестициялар макроэкономикада пайда табу мақсатында жеке 

жəне мемлекеттік сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе 

шетел экономикасының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуымен 

түсіндіріледі. Инвестициялардың өндірістік инвестициялар, тауарлық-

материалдық қорларға инвестициялар жəне тұрғын үй құрылысына са-

лынатын инвестициялар деген түрлері бар.

6. Кейнстік теорияда макроэкономикалық тепе-теңдіктің графи-

калық көрінісі «Кейнс кресі» үлгісімен түсіндіріледі. Бұл үлгі ба-

ғалардың икемсіздігі мен экономиканың жұмыспен толық қамтыл-

ма 

ғандығы жағдайында игіліктер нарығында инвестициялар мен 



жи 

 

 



 

 

нақ 



тардың, жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың жəне 

сəй  кесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін 

қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарастыратын 

кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдікті сипаттайды.

7. Кейнстік макроэкономикалық теорияда мультипликатор ұғымы 

маңызды түрде орын алады. Мультипликатор – ұлттық табысқа тəуелсіз 

автономды шығындардың ең болмағанда біреуінің бір мəрте өзгеруі сал-

дарынан ұлттық табыстың бірнеше есе өсуін көрсететін сандық коэф-

фициент. Мультипликатор өз əсерін дағдарыс жағдайында береді, яғни 

экономикалық құлдырау кезінде жиынтық сұранысты арттыра алады.

8. Кейнстік макроэкономикалық теорияны сипаттайтын үлгі тек 

қысқа мерзімді экономикалық үдерістерді зерттеуге арналған, баға-

лардың өзгерісін сипаттамайды, сондықтан ол – жиынтық сұраныс пен 

жиынтық ұсыныс үлгісінің нақтыланған түрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет